Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Туристік объектілер

Қарасай және Ағынтай батырлар ескерткiшi

Қарасай және Ағынтай батырлар ескерткiшi

1999 жылғы 16-маусымда Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының театрлық алаңында алдын ала қойылған тұғырға аты аңызға айналған қазақ халқының батырлары Қарасай батыр мен Ағынтай батырға ескерткiш орнатылды.

Орналасқан жерi: Қазақстан Конституциясы к., 1.

Астрофизикалық обсерватория

Астрофизикалық обсерватория

Бас астрофизикалық обсерватория жабдықтарына 0,77 метр айна диаметрiмен Ричи-Кретьен жүйесiнiң телескопы кiредi. М. Қозыбаев ат. Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi оқу корпустарының барлық кешенiне қайталанбас ажар беретiн планетарий күмбезi,Leariving Technologies, фирмасының (АҚШ) проекциялық аспаптарымен жабдықталған. Бұл осы заманғы ғылыми мiндеттердi шешуге мүмкiндiк беретiн көлемi жағынан республикамыздағы екiншi телескоп. Орталық құрамына обсерваториямен бiр ғимаратта орналасқан планетарий кiредi. Планетарий проекторы аспан денесi әр жартышарының 3000-ден астам жұлдызының сапалы түрлi-түстi суретiн алуға мүмкiндiк бередi. Жұлдызды аспанды Ғаламшардың кез-келген нүктесiнде,кез-келген жыл мен тәулiк мезгiлiнде тамашалау мүмкiн.

Орналасқан жерi: Пушкин көшесi, Солтүстiк Қазақтан М. Козыбаев атындағы мемлекеттiк университетi аумағында.

Жұмыс уақыты: 10:00-нан 17:00-ге дейiн.

Кiруге билет бағасы: тобы кем дегенде 10 адамнан бiр адамға 340 теңге.

«Қызыл-Жар» мұсылман мешiтi

«Қызыл-Жар» мұсылман мешiтi

Жаңа мешiт 2005 ж. қала картасында бұрынғы Новомечетная көшесiнде, қазiргi Мир көшесiнде пайда болды. Ғимарат алаңы 1499 шаршы метрдi құрайды. Орталық бәлiгi биiктiгi 28 метр күмбезбен жабылған. Мешiттi екi мұнара әсемдеп тұр. Мешiт iшiнде намаз оқу залы, мәйiт арулау бөлмелерi, кiтапхана, оқу сыныптары, 100 орындық асхана орналасқан.Кең аумақ ою-өрнектi қоршаумен қоршалған.

Орналасқан жерi: Мир және К.Сүтiшев көшелерiнiң қиылысы.

Облыстық тарихи-өткетану мұражайы

Облыстық тарихи-өткетану мұражайы

1924 жылдың басында мұражай бiрiншi келушiлерiн қабылдады. Ол кезде ол Караван көшесi бойындағы шағын үйде тұрған. 1968 жылы қазiргi Қазақстан Конституциясы көшесiне орналасты. Қарағанды және Целиноград суреткерлер қорының басшысы A.M. Чудов суретшiлер тобымен өз кезеңiнде көпес Туби Лейбовичу Аркелюге тиесiлi екi қабатты үй-жайын қайта жоспарлау мен қайта құру жүзеге асырылды. Қазiргi таңда кешен Қазақстанның ең жақсы мұражайларының бiрi болып табылады. Оның қорында 134 мыңдай экспонаттар сақталған. Бұл жерде Солтүстiк Қазақстан облысының табиғатымен, археологтар тапқан заттармен, қоныс аударушылардың тұрмыс элементiмен танысуға, түрлi тарихи эпохаға жататын залды көруге болады.

Облыстық тарихи-өткетану мұражайы

Орналасқан жерi: Қазақстан Конституциясы 48.

Жұмыс уақыты: 10:00-17:30, демалыс күнi дүйсенбi.

Кiруге билет бағасы: үлкендерге — 250 теңге; балаларға — 120 теңге; •экскурсия — бiр адамға 200 теңге.

«Абылай хан Резиденциясы» мұражайлық кешен

«Абылай хан Резиденциясы» мұражайлық кешен

Қазақ ордасының ханы Абылай (Әбiлмансүр) — қазақ мемлекеттiгi тарихындағы көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi.

«Абылай хан Резиденциясы» мұражайлық кешенАбылай хан өтiнiшi бойынша және патша үкiметiнiң рұқсатымен Св. Петр бекiнiсiне келуi үшiнУсiл өзенi бойының үстiнде Янгистау тауында 1765 жылы ағаш үй салынды. Үй және оның айналасындағы кеңiстiк онда тұру үшiн ғана емес, сондай-ақ даулы мәселелердi шешу үшiн арналған. Бұл үйдiң орналасқан жерi туралы түрлi нұсқаулар бар. Болжалды орналасқан, ол бекiнiстен төрт шақырым жерде Есiл өзенi ағыны бойынан жоғары «таудың» астында (төмен жерде деген мағынада), соңында ол қала шетiнде тұрғанын көрсеттi (XIX ғасырдыi екiншi жарты жылдығында). Екiншi жағынан, анық хабар, бекiнiстен он бес шақырым аймақ шегiнде жер телiмдерi Ресей азаматтарына бөлiнбеген. Кейiн аңыз нұсқасы бойынша, қалада жиi болатын өрт кезiнде үй өртенiп кеттi, ал оның орнына тас үй салынды (анығы, Поляков диiрменiнiң ғимараты). Халықтық аңыз мынаны айдаты, патша үкiметi бекiткеннен кейiн, 1821 жылы, Абылай-ханның ұлы — Уали — хан орта жүз, Петропавл форштады үстiнде, оған арналған екi қабатты тас үй салында. Сол кезден берi Петропавл қаласында Орта жүз ханының тас үй қысқы резиденциясы тұрды. Абылай резиденциясы өңiрдегiлер бекiткен сияқты бiрiншi және ұзақ мерзiмге жалғыз таудағы құрылыс болды.

«Абылай хана резиденциясы» мұражай кешенi Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевпен 2008 жылы ашылды. Кешеннiң құрамына кiредi: Абылай хан үйi, Абылай хан кеңсесi, келушiлерге арналған үй, монша.

Орналасқан жерi: Театральный к-сi, 16.

Жұмыс уақыты: 10:00-18:00 дейiн, демалыс күнi дүйсенбi.

Кiруге билет бағасы: экскурсия 10 адамға дейiн 2000 теңге, 10 адамнан асқанда адамына 200 теңгеден.

Ботаникалық бақ

Ботаникалық бақ

Бақ аумағында 140 бұта, 450 шөп, 20 сирек кездесетiн және жоғалып бара жатқан 57 дәрiлiк және 310 сәндiк гүл түрлерi осы кеңiстiк үшiн экзотикалық болып табылатын тропикалық өсiмдiктердiң мыңнан астам түрi саналатын коллекция жинақталған. Бұл пальма және лимон, шығыс-африкалық туя, жасмин және басқа да экзотикалық өсiмдiктер жайқалып тұрған саябақ өнерiнiң бiрегей кешенi. Гаванадан әкелiнген кубалық лимон, «Вашингтония» пальмасы АҚШ-тың өсiмдiк нышаны, әлемге танымал саябақтардан әкелiнген сирек кездесетiн даналар құнды жәдiгерлер бағбандар мен гүл өсiрушiлердiң көптеген буындарының еңбегiмен өсiрiлген.

Орналасқан жерi: Медведев к-сi, 41.

Жұмыс уақыты: демалыссыз, 10:00-16:00.

Кiруге билет бағасы: үлкендерге 300 теңге; 10 жасқа дейiнгi балаларға — 100 теңге; 10 жастан асқан балаларға — 150 тенге; 3 жасқа дейiнгi балаларға тегiн, зейнеткерлер мен студенттерге 200 теңге

«Нептун» Аквапаркi

«Нептун» Аквапаркi

Кешен құрамына «Хамам» түрiк моншасы, орыс моншасы, финдiк саунасы, White Water канада фирмасының жетi су аттракционы, олардан үлкендерге арналған — 4 аттракцион, балаларға — 3, 10 гидромассаждық қондырғы, 4 «джакузи» ваннасы, фитнес клубы, спорттық зал, медициналық бөлмелер кiредi.

Аквапарк сағатына 1000 адамды қабылдайды, оларды 1500 ш.метр су бетi, 20 м биiктiгiмен 4 төбешiк, спорттық бассейнi 25 м, күншуақ, SPA-салоны қарсы алады. Объектiде толық сауықтыру демалысы үшiн барлық жағдайлар жасалған. Келушiлер арнайы жабдықталған залда дене шынықтыру жаттығуларымен айналыса алады. Кiшкентай балалар үшiн бөлек бассейнi тереңдiгi 40 см, төбешiк және басқа аттракциондар жасалған.

Орналасқан жерi: Медведев к-сi, 41.

Жұмыс уақыты: демалыссыз, 08:00-23:00.

Кiруге билет бағасы:

  • жұмыс күндерi 14:00-18:00: балаларға 1000 теңге, үлкендерге 1400 теңге;
  • 18:00–22:00: балаларға 1600 теңге, үлкендерге 2000 теңге;
  • демалыс күнi: балаларға 2000 теңге; үлкендерге 2500 теңге.

«Абай және Пушкин» cкульптуралық композициясы

«Абай және Пушкин» cкульптуралық композициясы

2006 жылы Ресейде Абай жылы және Қазақстанда Пушкин жылы болып жарияланған жылда Петропавлдың басты көшесiнде «Абай және Пушкин» ескерткiшi орнатылды. Композиция ұлы ақындар — Абай мен Пушкин мүсiндерiнен тұрады және екi халықтың достығын бейнелейдi.Екi мүсiндi бiрiктiретiн биiктiгi 5,2 м ағаш мәңгiлiк символы ретiнде, сонымен қатар бiр мезетте екi алып тұлғаның шығармашылық еткен дәуiрiн бөледi. Ескерткiш авторы К.К.Сатыбалдин, мүсiншiлер С.К. Баймағамбетов және В.В.Затай. Композиция — қоладан, тұғыр күртi гранитiнен жасалған.

«Вознесения Господня» православие соборы

«Вознесения Господня» православие соборы

Шiркеу 2005 жылы ертеректе қиратылған кафедралдық Вознесен соборын есте ұстау мақсатында Петропавлдың 19 ықшам ауданында салынған. 6 қоңырау арнайы тапсырыс бойынша Свердлов облысының Каменск-Уральск қаласында құйылған,олардың ең үлкенiнiң салмағы 640 кг. Иконостасқа иконалар және шiркеудiң толық қанды литургиялық өмiрi үшiн қажет заттар Мәскеу қ. сатып алынған.

Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театры

Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театры

С. Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театры

С. Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театры

Бейнелеу өнерi мұражайы

Бейнелеу өнерi мұражайы

«Үшкiр» шоқысы» туристiк бағыты

«Үшкiр» шоқысы» туристiк бағыты

«Екi ағайын» төбесi» туристiк сүрлеу жолы

«Екi ағайын» төбесi» туристiк сүрлеу жолы

«Остров Казачий» бағыты

«Остров Казачий» бағыты

Қарасай мен Ағынтай батырларына мемориалдық кешен

Қарасай мен Ағынтай батырларына мемориалдық кешен

«Айганым үй жайы» туристiк бағыты

«Айганым үй жайы» туристiк бағыты

«Ботай»мекенi» туристiк бағыты

«Ботай»мекенi» туристiк бағыты

Мақаланың шыққан күні: 21.09.2017 16:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.09.2017 17:04

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi
Қайрат Қайроллаұлы Омаров

Промышленная Революция 4.0

Наурыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Подать резюме
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+