Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Туристік маршруттар

Туристiк бағыттар туралы ақпарат

Туристiк бағыттар туралы ақпаратИмантау демалыс орны солтүстiктен оңтүстiкке 70 шақырым, батыстан шығысқа 65 шақырым созылып жатқан табиғи алқап. Оның негiзi сулардан, өңiрдегi ең әдемi көлдердiң бiрi болып саналатын Имантау көлiнен және таулы-ағашты алқаптан тұрады.

Көлдiң суы тұщы. Көлге оңтүстiк және шығыс жағалауларынан Жыланды мен Осиповка өзендерi құйылады. Мұнда Байсары мен Исбака көлдерiнiң сулары жиналады. Көлдiң ортасы әдемi, жүрек тәрiздес ағашты шағын арал. Көлдiң түбi тегiс. Оңтүстiк және солтүстiк жағалаулары құмды, оңтүстiк-батыс пен шығыс жағы — жартасты.

Орман көлмен бiрге үйлескенде ерекше микроклиматты құрайды. Бұл жерде бұғылар, елiктер, борсықтар, түлкiлер, тиiндер, құрлар, шiлдер және құстар мен аңдардың басқа да түрлерi мекендейдi.

Табиғат ескерткiштерi:

«Котелок» және «Обозрение» төбелерi, «Казачий» аралы, «Буян» шатқалы жергiлiктi тұрғындар мен демалушыларды өзiнiң ерекше сұлулығымен баурайды.

Имантау өзенiнiң жағалауы — «жабайы туристердiң» сүйiктi демалатын орны. Жазда мұнда түрлi-түстi шатырлардан құралған тұтастай қалашық пайда болады. Көлге жету оңай, көлiк жолдары демалыс аймағын Чистополье селосымен байланыстырады, одан әрi Есiл, Торғай, Володаровск селоларына, Қостанай, Челябi, Көкшетау, Омбы, Түмен, Новосiбiр қалаларына апарады.

Имантау демалыс аймағы «Көкшетау» мемлекеттiк ұлттық табиғи саябағы Арықбалық өңiрлiк бөлiмшесiнiң қарамағында. Жергiлiктi тұрғындар «Экос» экотуризм қоры жөнiндегi халықаралық бағдарлама шеңберiнде Имантау селосында шетел туристерiн қабылдау үшiн 12-15 адамға арналған үш селолық қонақ үйлер дайындады, тарихи ескерткiштер мен табиғатқа апаратын туристiк бағыттар құрастырылды.

Шалқар рекреациялық демалыс аймағы орташа таулы бедерiмен сипатталады. Сулы үстiрт алаңы 3241 гектарды құрайтын .Шалқар көлi таға тәрiздес пiшiндi аралас және қарағайлы орманмен қоршалған. Көлдiң оңтүстiк бөлiгiнде шипалы батпақ бар. Суы ащы, едәуiр таза, тереңдiгi он метрге дейiн жетедi, құрамы бойынша Қара теңiздiң суына сай, терi ауруларының емiне шипалы. Жағажай аймағы құмды, кей жерлерi тасты. «Тiлек тауы» табиғаттың әдемi ескерткiшi болып табылады.

«Екi ағайын» төбесi» туристiк сүрлеу жолы

Шалқар көлiнiң жанында көптеген аңыздарға бөленген екi шағын Айыртаушы және Глухое көлдерi жайылған. Әуесқой балық аулаушылардың жыл бойы алабұға, аққайран, тұқы, мөңке балық, табандарды аулауға зор мүмкiндiктерi бар.

Көл ұзындығы 500 метрлiк «Екi ағайын» тауымен бөлiнген Таудың баурайлары қылқан жапырақты орманмен көмкерiлген.

«Острая» төбесi» туристiк сүрлеу жолы

«Острая» төбесi» туристiк сүрлеу жолы

Саяхат түрi: жаяу.

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 13 шақырым.

Бағыт әрекетiнiң уақыты: 1 маусымнан бастап 20 қыркүйекке дейiн.

Топтың саны: 15 адамға дейiн.

Бағытты сипаттау: топтардың жиналу орны — Айыртау селосы. Бұдан әрi орман iшiндегi сүрлеу жолмен және көлiк жолымен сарқырамаға дейiн, одан әрi «Острая» төбесi (биiктiгi 250 м.). Шолу алаңының биiктiгiнен Имантау, Лобаново, Байсары, Чебачки, Шалқар өзенiнiң бөлiгi мен жақын орналасқан ауылдар көрiнедi. Бұдан арғы бағыт керi қайтқанда кесiлген ағаштар арқылы өтедi. Көлiктер қоятын жер «Тұрпан» демалыс аймағында. Түскi ас ланч-пакеттерде, жағажайда демалу. Орналасқан орынға қайту Айыртау селосында.

«Екi ағайын» төбесi» туристiк сүрлеу жолы

«Екi ағайын» төбесi» туристiк сүрлеу жолы

Саяхат түрi: жаяу.

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 6,5 шақырым.

Бағыт әрекетiнiң уақыты: 1 маусымнан бастап 20 қыркүйекке дейiн.

Топтың саны: 15 адамға дейiн.

Бағытты сипаттау: бағыт Айыртау селосынан бастап ауыл арасындағы жолмен сирек қарағайлы орман бойымен оңтүстiк бағытқа қарай басталады. Бұдан арғы жол үш шақырым бойына қайыңды орман арқылы «Айыртаушы» көлiне және «Екi ағайын» төбесiне апарады. Төбенiң ұзындығы 300 метрдi құрайды. Төбеге көтерiлу үшiн ерекше зейiн мен икемдiлiк қажет. Төбенiң басында шолу алаңы бар, сол арқылы көлдi және төбенiң «Имантау» және «Зерендi» демалыс аймақтарын көруге болады. Қайтар жолда «Ардагер» демалыс орнының жанында аялдама, жағалаудағы демалыс. Түскi ас ланч-пакеттерде, жағажайда демалу. Орналасқан орынға қайту Айыртау селосында.

«Казачий аралына» бағыт

«Казачий аралына» бағыт

Саяхат түрi: сумен (катер).

Ұзақтығы: 3 сағат

Бағыттың ұзындығы: 18 шақырым.

Бағыт әрекетiнiң уақыты: 1 маусымнан бастап 20 қыркүйекке дейiн.

Топтың саны: 10 адамға дейiн.

Бағытты сипаттау: Туристердiң тобы «Имантау» демалыс аймағында жиналып, катерде оңтүстiк бағытқа қарай жағаны жағалай, «Боровушка» демалыс орнын басып өтiп, жағалаудан 4 шақырым жерде Имантау көлiнде орналасқан «Казачий» аралына аттанады. Арал жүрек тәрiздес, осы орынға арналған арша бұтақтарымен жабылған. Бұл аралда жыландар бар, осы үшiн ел аузында арал Жыланды атанған. Аралда жаяу серуендеу, ланч-пакеттерден түскi ас ұсынылады. Осы транспорт түрiмен Боровушка демалыс аймағына, жағалаудағы демалысқа, балық аулауға бару арқылы қайтып оралады.

«Таулы төбелер» сүрлеу жолы

«Таулы төбелер» сүрлеу жолыСаяхат түрi: жаяу.

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 7 шақырым.

Бағыт әрекетiнiң уақыты: 1 маусымнан бастап 20 қыркүйекке дейiн.

Топтың саны: 10 адамға дейiн.

Бағытты сипаттау: бағыт туристер селолық қонақ үйде тұратын Имантау селосынан басталады. Бағыт оңтүстiк-батыс бағытына қарай аралас орманмен «Боровушка» демалыс аймағы арқылы өтедi. Сосын «Уголвая» төбесiнiң шығыс баурайы бойымен көтерiлiп, бөренелi өткел арқылы «Ракельского» үңгiрiне келедi. Мұнда шолу алаңы жабдықталған. Бұдан әрi оңтүстiк баурай бойымен осындай шолу алаңы жабдықталған «Котелок» төбесiнiң ұшар басына көтерiледi. Сосын шығыс баурай бойымен шамалы демала отыра «Буян» сайына түседi. Бұдан әрi солтүстiк-шығыс бағытқа қарай Имантау көлiнiң жағалауын бойлай Имантау селосындағы тұру орындарына қайтады.

«Буян» сайының сүрлеу жолы

«Буян» сайының сүрлеу жолыСаяхат түрi: жаяу.

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 10 шақырым.

Бағыт әрекетiнiң уақыты: 1 маусымнан бастап 20 қыркүйекке дейiн.

Топтың саны: 10 адамға дейiн.

Бағытты сипаттау: Бағыт оңтүстiк бағытқа қарай Имантау көлiн бойлай аралас орманмен Жыланды көлi арқылы шамалы демала отыра «Боровушка» бұлағына өтедi. Сосын көтерiлу және түсу қатарлары (ұзындықтың айырмасы 400 метрден 660 метрге дейiн). Тұрақ орындарында «Казачий» аралы, «Имантау» көлiнiң айдыны жақсы көрiнедi. Керi қайту жолында ланч-пакеттерден түскi ас, жағажайлы демалыс, балық аулау. Тұру орындарына қайтып оралу Имантау селосында.

Қарасай және Ағынтай батырларға мемориалдық кешен

Қарасай және Ағынтай батырларға мемориалдық кешен

Саяхат түрi: автобуспен және жаяу.

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 20 шақырым.

Бағыт әрекетiнiң уақыты: жыл бойы.

Топтың саны: 30 адамға дейiн.

Бағытты сипаттау: Бағыт Саумалкөл ауылынан бастап Петропавл қаласынан, Айыртау, Имантау селоларынан рейстi автобустармен жетуге болатын Қарасай және Ағынтай батырларға мемориалдық кешенiне дейiн. Осы бағытпен өзiндiк тарихи құны бар Қарасай мен Ағынтай батырлардың мазарымен танысуға болады. Бағыт Саумалкөл селосының оңтүстiк бетiнен жоңғарларға қарсы күресте Абылай ханның серiктерi болған — Ағынтай батыр мен Қарасай батырдың бейiттерi үстiнде салынған мемориалды кешен орналасқан Мәдениет селосының шығысына өтедi. Екi батыр мемориалды кешеннiң жанындағы Құлшынбай төбедегi бiр зиратта жерленген.

Арғын руынан шыққан Ағынтай (Солтүстiк Қазақстан) 1599 жылы дүниеге келген. Алтынайдың ұлы Қарасай батыр 1598 жылы туған. Ол Шапрашты руынан (Оңтүстiк Қазақстан), Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың бабасы. Күмбездiң екi он алты метрлiк ұзындығы (Қарасай батыр мен Ағынтай батырдың мазары) мен мешiттiң он екi метрлiк ұзындығы — кешеннiң негiзгi құрылысы. Мазардың артқы жағында граниттi тақта қондырылған. Бұл жерде Қарасай батырдығ егiз ұлдары жерленген. Күмбездiң айналасында тағы да бiрнеше әскерлер жерленген. Бұл бейiттер жиектермен қоршалғып, граниттiң сынықтарымен толтырылған.

Биiк дөңнен Айыртау даласының таң қалдырарлық сұлулығын байқауға болады. Тұрғызылған кесене барлық Қазақстан халықтарының тұтастығының, бiрлiгi мен достығының нышаны.

«Прогресс» турист агенттiгi

мекен-жайы: Петропавл қ., Интернациональный көшесi, 55

тел. 46-98-44, 46-98-32

e-mail: protur@mail.ru

«Айғаным қонысына» туристiк бағыт

«Айғаным қонысына» туристiк бағытСаяхат түрi: автобуспен және жаяу.

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 25 шақырым.

Бағыт әрекетiнiң уақыты: жыл бойы.

Топтың саны: 30 адамға дейiн.

Бағытты сипаттау: Бағыт Саумалкөл ауылынан бастап Петропавл қаласынан, Айыртау, Имантау селоларынан рейстi автобустармен жетуге болатын Айғаным қонысына дейiн. Туристер автобуспен Ш.Уәлихановтың тарихи-этнографиялық мұражайы орналасқан Саумалкөл селосының солтүстiгiнен 25 шақырым, Сырымбет ауылының шығысынан 15 шақырымдық жердегi «Айғаным қонысы» Ш.Уәлихановтың әжесiнiң мекенiне барады. Қоныс 6 құрылыстан тұрады. Оның негiзгiсi — Ш.Уәлихановтың әжесi Айғаным тұрған үлкен үй. Үйдiң iшкi көрiнiсi бүлiнбеген күйде сақталған, жанында мешiт ғимараты мен басқа да шаруашылық құрылыстар бар. Оның барлығының өзiндiк тарихи құндылығы бар. Сырымбет селосының аумағында мұражайдың негiзгi бөлiгi Ш.Уәлиханов туралы материалдардан тұратын Ш.Уәлихановтың мұражайы бар. Мұражай ағаштан салынған бiр қабатты көне құрылыс.

«Ботай» мекенiне» туристiк бағыт

«Ботай» мекенiне» туристiк бағыт Саяхат түрi: автобуспен және жаяу.

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 45 шақырым.

Бағыт әрекетiнiң уақыты: жыл бойы.

Топтың саны: 30 адамға дейiн.

Бағытты сипаттау: Бағыт Саумалкөл ауылынан бастап Петропавл қаласынан, Айыртау, Имантау селоларынан рейстi автобустармен жетуге болатын Ботай мекенiне дейiн. Жол бойында Саумалкөл көлiн тамашалауға болады. Қазiргi уақытта бұл көл барлық параметрiнен өлi. Адамдардың әрекеттерi нәтижесiнде бұл жерде балық, басқа да су қоректiлерi ауланбайды, суда өсетiн өсiмдiктердiң түрлерi де өспейдi. Ескерткiшке жақындағанда қазындыларды аралаумен жаяу серуендейдi. Ботай қазындылары (ЮНЕСКО қарамағына алынған) — неолит дәуiрiнiң ескерткiшi (б.э.дейiн 4-3 мың соңы), аумағы — 20га. Ботай мекенi 1980 жылы ашылып, 23 жыл бойы зерттелуде. Мәдени мұраны насихаттау және туристiк бағытты ұйымдастыру мақсатында мекен жанынан Ботай тұрғыны үлгiсiнiң екi макетi салынды, бүгiнде олардың құрылысы тоқтап тұр. Ескерткiштердiң ғылыми маңыздылығы Еуразия даласында негiзiнен коммуникацияның жаңа жүйесiн өндiрушi шаруашылық нысандарының пайда болуы, ат үстiнде және доңғалақты көлiкте жүру болып табылады.

Айыртаудың сирек кездесетiн көрiнiстерiне бағыт

Айыртаудың сирек кездесетiн көрiнiстерiне бағыт

Саяхат түрi: жаяу.

Ұзақтығы: 1 күн

Бағыттың ұзындығы: 7 шақырым.

Бағыт әрекетiнiң уақыты: 1 маусымнан бастап 20 қыркүйекке дейiн.

Топтың саны: 10 адамға дейiн.

Бағытты сипаттау: бағыт 4 ауылдық қонақ үй орналасқан Айыртау селосынан басталып, Шалқа көлiнiң оң жағалауын бойлай «Аңшы мен балықшылар үйi» кемпингi орналасқан жерге дейiн. Бағыт ауыр жолдармен, негiзiнен тасты жағалау бойымен өтедi. Кей жерлерде құмды жағажайлар бар. Көлдiң жағалауы қарағайлы орман. Оң жағалауда бағыттың барлық жүрiсiнде көптеген бұлақтар ағып тұратын төбелер жылжиды. Қайтар жолда аялдама, ланч-пакеттерден түскi ас, «Ардагер» демалыс орнында жағажайлы демалыс. Бағыт соңында қызметтiң қосымша түрi ретiнде ұлттық үлгiде жабдықталған қазақтың киiз үйiнде этношоу немесе шұбат сусынының дәмiн татумен түйе үстiнде серуендеу ұсынылады.

Мақаланың шыққан күні: 21.09.2017 17:03

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.09.2017 17:03

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi
Қайрат Қайроллаұлы Омаров

Промышленная Революция 4.0

Қаңтар 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Подать резюме
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+