Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ауыл шаруашылық және ветеринария

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалының несиелеу бойынша ақпараты

Мемлекет басшысының 4 бастамасын iске асыру бойынша қойылған мiндеттердi орындау мақсатында, «өнiмдi жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша Қордың филиалына жыл басында бұрын бөлiнген 1,2 млрд. теңге қосымша 600,0 млн. теңге бағытталды.

Ағымдағы жылдың басынан 3 448,2 млн. теңге сомасына 760 жоба қаржыландырылды, соның iшiнде өнiмдi жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 1 823,5 млн. теңге сомасына 561 жоба қаржыландырылды.

Келесi несиелеу бағдарламалары бойынша:

Игiлiк — 858,7 млн. теңге сомасына 358 жоба, 1501 бас IҚМ, 1994 ұсақ мал, 875 бас жылқы, 114 бас шошқа, 38 628 бас құс сатып алуға, 6 жоба ара шаруашылығын дамытуға бағытталған.

Кәсiпкер — 739,8 млн. теңге сомасына 170 жоба, оның iшiнде 44 жоба ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, 26 жоба сауда саласын дамытуға, 41 жоба жүк және жолаушылар көлiгiн сатып алуға, 5 жоба қоғамдық тамақтану қызметiн көрсетуге, 2 жоба медициналық қызмет көрсету саласы (дәрiхана және стоматология), сондай-ақ 52 жоба өзге де қызмет түрлерiне;

Ынтымақ — 13 жоба — 68,2 млн. теңге, 3 сүт қабылдау пунктi ашылды, халықтан сүт сатып алу үшiн айналым қаражаты толықтырылды;

Егiнжай — 48,8 млн. теңге сомасына 11 жоба, 16 000 га астам егiс үшiн айналым қаражаты толықтырылды;

Сыбаға — 108,0 млн. теңге сомасына 9 жоба, 294 бас импортталған IҚМ басын, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу үшiн.

Сонымен қатар, несие қаражаты есебiнен 705 жұмыс орны құрылды, 465 адам 1 339,8 млн. теңге сомасына жеке iсiн ашты, 96 адам 483,7 млн. теңге соммасына өз iсiн кеңейттi;

Кәсiпкер әйелдердiң үлесi 491,9 млн. теңге сомасына 172 адам (немесе саны бойынша 33%).

2016-2018 ж.ж. Ауыл шаруашылығы кооперативтерiн дамыту бағдарламалары бойынша:

1 229,1 млн. теңге сомасына 43 АШК несиелендiрумен қамтылды (оның iшiнде 37 АШК сүт жабдықтарын, а/ш техникасын сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға қаржыландырылды), 3229 адам мүшелерi бар, оның iшiнде 327 адам несие қаражатын алды, 3 385 бас ұрықсыз аналық IҚМ, 899 бас IҚМ бордақылау үшiн сатып алынды.

Несиелер берiледi:

«Игiлiк» несиелеу бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамыту бойынша 6,5 жылға дейiн-сомасы 4,0 млн. теңгеге дейiн, Якорлық кооперацияны дамыту бойынша, мерзiмi 7 жылға дейiн — 12 млн. теңгеге дейiн;

«Ынтымақ» ауыл шаруашылығы кооперативтерiн және «Бiрлiк» сүт қабылдау пункттерiн дамыту бойынша — 7 жылға дейiнгi мерзiмге 12,0 млн. теңгеге сомасына дейiн;

«Кәсiпкер» Бизнестiң басқа түрлерiн дамыту бойынша, 5 жылға дейiнгi мерзiмге — сомасы 6,0 млн. теңгеге дейiн;

Сыйақы мөлшерлемесi соңғы қарыз алушы үшiн жылдық 6%-ды, Якорлық кооперацияны дамыту бойынша — жылдық 4%- ды құрайды.

Кепiлмен қамтамасыз ету жылжымалы, жылжымайтын мүлiк, оның iшiнде ауылдық жерде орналасқан мүлiк болып табылады.

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту жөнiндегi 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы (ZIP 744 Kb)

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының кредиттеу бағдарламалары (ZIP 19 Kb)

Жылдың бiрiншi жарты жылдығында аудан М. Жұмабаев ветеринария бөлiмiнiң қорытындысы (ZIP 20 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 20.09.2017 15:14

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.12.2018 10:23

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi
Қайрат Қайроллаұлы Омаров

Промышленная Революция 4.0

Ақпан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      
Подать резюме
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+