Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Аудан әкiмiнiң есебi

«Мағжан Жұмабаев ауданының 2019 жылғы Әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы және 2020 жылға арналған мүмкiншiлiктер» Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi Қ.Қ. Омаровтың есептiк баяндамасының жобасы 2020 жылғы қаңтар

Құрметтi мағжандықтар!

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың 2019 жылғы қызметi және 2020 жылға арналған мiндеттерi туралы есеп беремiн.

Бiз жаңа жылды дәстүрлi түрде барлық деңгейдегi әкiмдердiң халық алдында атқарылған жұмыстар туралы қорытынды есептерiнен бастап, онда ауданның әлеуметтiк экономикалық дамуының өзектi мәселелерiн бiрге талқылаймыз. 2019 жылы барлық деңгейдегi әкiмдердiң есеп беру кездесулерiне 4328 адам қатысты, оның iшiнде аудан әкiмiнiң есеп беру кездесулерiне 2849 адам қатысқан. Кесдесулер барысында 156 ескертулер мен ұсыныстар айтылды, оның iшiнде аудан әкiмiнiң есебi бойынша 100. Есеп беру кездесулерiнiң ең басты мәселелерi: халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу және ұстау, елдi мекендердi абаттандыру, байланыс сапасы және т. б.

Келiп түскен өтiнiштердi ескере отырып, бiздiң жұмысымыздың басым бағыттары анықталып, проблемалық мәселелердi iске асыру жөнiндегi iс-шаралар бағдарламасы құрылды. Олардың негiзгi бөлiгi орындалған және барлық деңгейдегi әкiмдердiң есептерiнде көрсетiлетiн болады.

Өткен жылы бiздiң жұмысымыз Қазақстан Республикасының Президентi Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Iргебайұлы Ақсақаловтың қойған мiндеттерiн шешуге бағытталған болатын.

Тұтастай алғанда, 2019 жылдың қорытындыларын сипаттайтын негiзгi көрсеткiштер оң динамикаға ие болды.

Экономиканың маңызды секторы ол Ауыл шаруашылығы болып қала бередi. Бұл саланың бағдарламалық бағыты Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы болды.

Ағымдағы жылдың 12 айында ауыл шаруашылығы өнiмiнiң көлемi 102,1% өсiммен 60 млрд.теңгенi құрады. Дәндi және дәндi-бұршақты дақылдардың өндiрiсi 516,2 мың тоннаны құрады, шығымдылығы гектардан 18 центнер.

Ауыл шаруашылығының негiзгi капиталына инвестициялар — 4,9 млрд. теңгенi құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңiне 136%-ға өстi.

Ауыл шаруашылығының негiзгi капиталына салынған инвестициялар — 4,9 млрд. теңгенi құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңiне қарағанда 136% өстi. 

Ауыл шаруашылығы малдарының барлық түрлерi өстi, оның iшiнде iрi қара мал 0,3%-ға (34 мың бас), оның iшiнде сиыр — 1,6% (20,4 мың бас), қой 4,3%-ға (29,7 мың бас), жылқы 1% (10,4 мың бас), шошқа 0,1% (32,1 мың бас), құс 2,2% (242,9 мың бас).

Мемлекет мал шаруашылығы мен өсiмдiк шаруашылығын дамытумен айналысатын тауар өндiрушiлердi қолдау үшiн барлық жағдай жасауда. 2019 жылы аудан 1,7 млрд. теңге алыды, олар элиталық тұқымдарды, минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтердi сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға бағытталды.

2020 жылы 1 мың сиырға арналған қазiргi заманғы сүт кешендерiнiң құрылысы бойынша 2 жобаны iске асыру жоспарлануда («Полудинское» ЖШС 400 сиырға (жылына 2,5 мың тонна, 1 млрд. теңге, 15 жұмыс орны, «Ноғайбай» ЖШС 600 сиырға (жылына 3 мың тонна, 1,2 млрд. теңге, 20 жұмыс орны).

2019 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде жұмыс iстейтiн қызметкердiң орташа айлық жалақысы 111 мың теңгенi құрайды, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 18%-ға артық.

Шағын және орта бизнестi дамыту мен қолдау бiздiң жұмысымыздың басым бағыттарының бiрi болып табылады. 2020 жылғы 01.01. жағдай бойынша ауданда 1099 ШОК субъектiлерi саналады. 2019 жылы 270 нысан ашылды (ЖК-259, за.тұлғалар — 11) бұл кәсiпорындарда 315 жұмыс орны ашылды, негiзiнен бұл сауда және халыққа қызмет көрсету нысандары. Кредит беру бағдарламасы аясында «АГРОтех Пролетарское» ЖШС 21 млн. теңге сомасына түйiршiктелген құрама жем өндiру үшiн құрал-жабдықтар сатып алды, «Пальчик» ЖК қарапайым заттар экономикасы бойынша 11,8 млн. теңге сомасына сүт салқындатқыш құрал-жабдықтарын сатып алды. Қарапайым заттарды үнемдеуге арналған жеңiлдетiлген несиелер механизмi аясында 4 кәсiпкерлiк субъектiлерi 745 млн. теңге көлемiнде несие алуды жоспарлап отыр («Азия Вудс» ЖШС Дмитрий Николаевич Постовой — 210,0 млн. тг. (ағаш материалдарын өндiру, шпон, фанер); «Тың Жер» ЖШС Светлана Валерьевна Карабанова — 470,0 млн. тг (ешкi фермасының құрылысы), жоба дайындауда; «Ермак » ЖШС Вагнер Максим — 35,0 млн. тг («Ангус» асыл тұқымды IҚМ сатып алу) жоба дайындауда; «Мансурбаев» ЖК Руслан Серiкұлы — 30,0 млн. тг. («Герефорд» асыл тұқымды IҚМ сатып алу).

Қазақстан Республикасының Президентiнiң тапсырмасын орындау мақсатында ауданда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi мемлекет меншiгiне алу және қайтару бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. 2019 жылы жалпы ауданы 2,5 мың га. жер қайтарылды (2018 жылы — 3183 га). Бүгiнгi күнi жалпы ауданы 14 мың га. жердi тиiмсiз пайдалануды немесе пайдаланбауды анықтау бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын есепке ала отырып, бiздiң жұмысымыздың басым бағыттарының бiрi жергiлiктi инфрақұрылымды дамыту: құрылыс, сумен жабдықтау, жолдар болып табылады.

Республикалық және облыстық бюджеттердi қаржылық қолдау елеулi мәнге ие болды. Осы қаражат есебiнен республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 199 км. жол жөнделдi. «Булаев-Совет» жолында жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Лебяжье, Пролетарка, Полудино және Құралай халықтың жалпы саны 2367 адам ауылдарына кiреберiстердi жөндеу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.

Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен Пролетарка ауылына жолдарды жөндеуге 3 млн. теңге, Полудино ауылына 8 млн. теңге, Құралай-Лебяжье ауылына 12 млн. теңге қаражат бөлiндi. Жалпы сомасы 52 млн. теңгеге Писаревка, Веселовка, Чистовское, Успенка ауылдарының кiрме жолдарын жөндеу жоспарлануда. 2020 жылы Октябрьское, Гаврино, Возвышенка және Булаев ауылдарының көшелерi ағымдағы және орташа жөндеумен қамтылатын болады. «Надежка-Қарағанды», «Конюхово-Куломзино» жолдарын жөндеу жұмыстары жалғасады.

Халыққа су жеткiзу жұмыстары жүргiзiлуде. 63 елдi мекеннiң 98% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етiлген.

2019 жылы Конюхово және Лебяжье ауылдарында тарату желiлерiн қайта құру бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Ұзынкөл ауылы сумен қамтамасыз етiлiп, колонкалар қойылды. Ағымдағы жылдың басында Возвышенка, Майбалық, Успенка ауылдарындағы жұмыстарды аяқтаймыз. Облыстық бюджеттен Возвышенка ауылының тарату желiлерiн қайта жаңартуға 19 млн. теңге, Булаев қаласының су тарату желiлерiн ағымдағы жөндеуге — 23,5 млн. теңге, Чистовское ауылының су тарату желiлерiн ағымдағы жөндеуге — 25 млн. теңге және Образец ауылының су тарату желiлерiн ағымдағы жөндеуге — 12 млн. теңге бөлiндi. Надежка, Қарағанды, Полтавка, Октябрьское, Советское, Александровка ауылдарындағы тарату желiлерiн қайта жаңартуға арналған жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттiк сараптамадан өтуде. Новотроицкое ауылының су тарату желiсiн және су қысымды құрылыстар алаңын қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама әзiрленуде.

Ауданның даму көрсеткiштерiнiң бiрi құрылыс болып табылады. Пайдалануға берiлген тұрғын үйлердiң жалпы ауданы 6 855 шаршы метрдi құрады немесе 143% (2018 жылы 4801 шаршы метр). «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өткен жылы 18 пәтерлi екi тұрғын үй салынды. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны 445,3 млн. теңгенi құрайды. 2019 жылдың соңына қарай бiр тұрғын үйдiң құрылысы аяқталды, оны орналастыру 2020 жылдың 1 тоқсанында жоспарланып отыр.

«Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыс күшi мол өңiрлерден азаматтарды көшiру бойынша 36 үйдiң құрылысы аяқталуға жақын, оның iшiнде 23 үй Булаев қаласында және 13 үй ауылдық округтерде. 2020 жылы осы бағдарлама бойынша 57 үй салу жоспарлануда.

«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы аясында Ұзынкөл ауылдық округi мен Жастар ауылдық округiнде скверлер қайта жаңартылып, балалар ойын алаңдары орнатылды.

2019 жылы Возвышенка, Надежка, Полудино, Ганькино, Таман ауылдарының және Булаев қаласы көшелерiн жарықтандыруға 45,9 млн. теңге бөлiндi.

Ағымдағы жылы ауданның елдi мекендерiн жарықтандыру жұмыстарын жалғастырамыз.Облыстық бюджеттен Булаев қаласы, Қарақоға, Чистовское, Ганькино, Полудино селоларын электрмен жабдықтау желiлерiн қайта жаңартуға 101 млн. теңгеден астам қаражат бөлiндi. Булаев қаласы мен Бәйтерек ауылына кiреберiс жолдарды ағымдағы жөндеуге 33 млн. теңге бөлiндi. Аудандық бюджеттен Бинаш ауылына кiреберiстi жарықтандыруға 4 млн. теңге бөлiндi; Полудино ауылына электр жарығын орнатуға 2,5 млн. теңге бөлiндi; Октябрьское ауылына көшелердi жарықтандыруға 3 млн. теңге бөлiндi.

Әлеуметтiк қорғау

Өткен жылы Мемлекет басшысының бюджет саласы қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына жалақыны арттыру жөнiндегi тапсырмаларын орындау қамтамасыз етiлдi. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бюджет қызметкерлерiнiң орташа жалақы мөлшерi 112 750 теңгенi құрады 19,5% өсiммен (2018 жылдың 9 айында 94 377 теңге).

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалiмдердiң жалақысы 25 пайызға, мәдениет қызметкерлерiнiң жалақысы 35-50 пайызға, әлеуметтiк сала қызметкерлерiнiң жалақысы 30-60 пайызға арттырылады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап студенттердiң стипендиясы 25 пайызға артады.

Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бiздiң жұмысымыздың басымдықтарының бiрi болып табылады. 2019 жылы 1953 адам жұмысқа орналастырылды. «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасымен 1230 азамат қамтылған (2018 жылдан астам 396 адам), оның iшiнде кәсiптiк оқытумен және бизнестi жүргiзу дағдыларымен 251 адам қамтылды, 409 млн. теңгеден астам сомаға 83 шағын несие және 150 грант берiлдi.

2019 жылы ауыл халқын жұмыспен қамтудың қосымша шараларымен 1418 адам қамтылды, оның iшiнде мал шаруашылығында — 250 адам, құс шаруашылығында — 62 адам, ара шаруашылығында — 15 адам, бақша шаруашылығында — 1091 адам.

2019 жылдың 1 желтоқсанына 339 отбасына (1441 адамға) 155 млн. теңге атаулы әлеуметтiк көмек төлендi, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiнен 128 млн. теңгеге немесе 128 отбасына (561 адамға) артық.

2020 жылы атаулы әлеуметтiк көмек төлемдерi қайта қаралды, АӘК алушылар болып табылатын аз қамтылған отбасыларының 1-ден 6 жасқа дейiнгi балалары үшiн кепiлдi әлеуметтiк пакет енгiзiлдi, сондай-ақ табысы деңгейiне қарамастан көп балалы отбасыларға төлемдер көзделген.

Жыл сайын бiлiм беру жүйесiн мемлекеттiк қаржыландыру ұлғаюда. Өткен жылы бiлiм беру саласының бюджетi 3 млрд. 713 млн. теңгенi құрады, ағымдағы жылы 4 млрд. 621 млн. теңгенi құрады бұл 2019 жылдан 900 млн. теңгеге артық.

2019 жылы жөндеу жұмыстарын жүргiзуге республикалық бюджеттен 267 млн.теңге бөлiндi. Күрделi жөндеумен 7 бiлiм беру нысаны қамтылды олар: Батыр-Баян атындағы Булаев мектеп — гимназиясы, №4 Булаев орта мектебi, Булаев кбөбекжай-балабақша кешенi , Қарақоға орта мектебi, Возвышен орта мектебi, №4 Булаев орта мектебi жанындағы стадион, Бастомар орта мектебi.

2020 жылы Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясы — 48 млн.теңге, №4 Булаев орта мектебi — 72 млн. теңге, Таманов мектеп — бөбекжай-балабақшасы — 69,8 млн. теңге, Александровка негiзгi мектебi — 21,7 млн. теңге жөндеуге қаражат бөлiндi.

Ағымдағы жылы 500 млн. теңгеден астам сомаға 6 бiлiм беру нысанына (№2 Булаев орта мектебi, Булаевс бөбекжай-балабақша кешенi, Октябрь, Полудин, Ұзынкөл, Фурманов орта мектептерi) ЖСҚ бар және сараптамаға қаражат бөлiндi. Медвежка, Совет және Писарев орта мектептерiнiң жобалық-сметалық құжаттарын әзiрлеуге қаражат бөлiндi. Бiлiм беру ұйымдарында бейнебақылау жүйесiн орнату бойынша жұмыстар жалғастырылады, аудан мектептерiнiң 100 пайызын қамтуды жоспарлап отырмыз.

Денсаулық сақтау саласында айтарлықтай өзгерiстер байқалады. Өткен жылы реанимация бөлiмiне құрал-жабдықтар сатып алынып, аудандық аурухананың iшкi бөлмелерi мен қасбеттерi жөнделдi. Кадрлық мәселелер кезең-кезеңiмен шешiлiп жатыр. Өткен жылы ауданға 3 жас маман келдi (педиатр, терапевт, жалпы практика дәрiгерi). 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жұмыс iстей бастады, осыған орай ауданның барлық тұрғындары қамтылады.

2020 жылы «Ауыл-Ел Бесiгi» бағдарламасы бойынша Полудино ауылындағы ФАП 50 млн. теңгеге күрделi жөндеу жоспарланған, жалпы сомасы 77 млн. теңгеге хирургия бөлiмшесi мен ас блогын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама бар.

2019 жылы ауданның мәдениет саласын дамыту әлеуметтiк салада оң фактор болып табылады. Соңғы жылдары алғаш рет мәдениет нысандарын жөндеуге облыстық бюджеттен 80 млн. теңге бөлiндi. Соның арқасында Полудино, Бәйтерек, Надежка, Возвышенка, Ұзынкөл, Успенка ауылдарында аудандық мәдениет үйi мен 6 мәдениет үйi жөнделдi. Тәуелсiздiк күнi қарсаңында Қарағанды қаласында бос уақыт орталығы ашылды.

2019 жылы ауданның мәдениет мекемелерiмен маңызды шығармашылық iс-шараларды жүзеге асырылды, «Славянский базар-2019» халықаралық байқауының жеңiмпазы Әдiлхан Макиннiң қатысуымен «Ақ бидай» спорттық мерекесiнiң ашылуына байланысты концерт, Облыстық Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының «Ноғайбай би» спектакiлi, «Белый орел» Ресей тобының концертi және т. б. Биылғы жылы елiмiздiң Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығына, Әл-Фарабидiң 1150-жылдығына, Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 75-жылдығына арналған атаулы мерейтойларға арналған iс-шаралар өтедi.

Өткен жыл ҚР Тұңғыш Президентi — Елбасының Жарлығымен Жастар жылы деп жарияланған болатын. Ауданда мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыру аясында негiзгi бағыттары: бiлiм беру, жұмыспен қамту, денсаулық, кәсiпкерлiк қызметтi дамыту болып анықталды. 2020 жыл ҚР Президентi Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешiмiмен ерiктiлер жылы болып жарияланды.

Соңғы жылдары ауданда спорттық ғимараттар саны артып келедi. Өткен жылы аудандық стадионға күрделi жөндеу жүргiзiлдi, онда «Ақ бидай 2019» облыстық жазғы спорт мерекесi өттi. №2 Булаев орта мектебiнiң жанынан пластикалық хоккей корты орнатылды. 2020 жылы Булаев қаласының орталық стадионында жабық хоккей кортының құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Ауданда 65 бұқаралық дене шынықтыру-спорттық iс-шаралар өткiзiлдi, оған 4 мыңға жуық спортшы қатысты. Осы iс-шаралардың барлығы салауатты өмiр салтын насихаттауға, адамдарды спортпен айналысуға тартуға бағытталған. Нәтижесiнде 2019 жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны 9 мыңнан астам адамды немесе аудан халқының жалпы санынан 32,1% құрады.

Алдағы 2020 жылы бiздiң алдымызда жаңа мiндеттер тұр және бiзде барлық мүмкiндiктер мен мемлекеттiң қуатты қолдауы бар. Су құбырларын, автомобиль жолдарын салу және жөндеу, әлеуметтiк нысандарды күрделi жөндеу бiрiншi кезектегi мiндеттердi қоямыз. Ең бастысы, әрбiр аудан тұрғыны жеткен нәтиженi сезiнуi қажет.

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 15:35

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 16:19

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi
Қайрат Қайроллаұлы Омаров

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Подать резюме
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+