Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Аудан әкiмiнiң есебi

Мағжан Жұмабаев ауданының 2018 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы және 2019 жылға арналған мiндеттерi

Құрметтi Мағжандықтар!

Сiздердiң назарларыңызға 2018 жылы атқарылған жұмыс пен 2019 жылға арналған даму болашағы туралы есептi ұсынуға рұқсат етiңiздер.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» Жолдауының, Аумақтарды дамыту бағдарламасының, мемлекеттiк және салалық бағдарламалардың мiндеттерiне сәйкес Мағжан Жұмабаев ауданының даму басымдықтары белгiлендi. 2018 жылы жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысы ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының кешендi жоспарының iс-шараларын iске асыруға, нысаналы көрсеткiштерге қол жеткiзуге, жергiлiктi маңызы бар мәселелердi және аудан тұрғындарының өтiнiштерiн шешуге бағытталған.

Аудан аумағы 7,8 мың шаршы шақырымды құрайды. Ауданда 21 ауылдық округ, 1 аудандық маңызы бар қала, 67 елдi мекен бар, 30 089 адам тұрады. Ағымдағы жылдың есептi кезеңiнде ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысы келесi көрсеткiштермен сипатталады:

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы экономиканың аса маңызды секторы болды және болып қала бередi. 2018 жылғы қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы көлемi 47 225,3 млн. теңгенi құрады.

2018 жылы барлық егiс алқабы 409,9 мың га. құрады, оның iшiнде дәндi дақылдар — 276,6 мың га., майлы дақылдар — 95,8 мың га., мал азығы — 33,9 мың га., картоп және көкөнiс — 3,6 мың га. Әртараптандыру шеңберiнде майлы дақылдар егiстiгi 2017 жылмен салыстырғанда 45% ұлғайған.

Жыл басынан ауданның агроқұрылымдарымен 1,4 млрд. теңге сомасына 206 бiрлiк ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды. 2018 жылдың 1 желтоқсанына iрi қара мал саны 33,9 мың басты құрайды, жылқы 10,3 мың бас (102,6%), қой 28,4 мың бас (105%), шошқа 33,0 мың бас (104,1%), құс 237,6 мың бас (103,7%).

Тiрi салмақта мал және құс етi — 8 294,1 тонна (101,2%), сүт — 46 283,3 тонна (105,1%), жұмыртқа — 19 853,3 мың дана (101,3%) өндiрiлдi.

2019 жылы мал шаруашылығын одан әрi дамыту үшiн IҚМ сатып алу, асыл тұқым өндiрiсiн, бордақылау алаңы және сүт-тауар фермасын құру жоспарланған.

Өндiрiс

Ауданның өнеркәсiп саласы негiзiнен ауыл шаруашылығы, ағаш өңдеу, тамақ өңдеу кәсiпорындарынан тұрады. Аудан аумағында 32 кәсiпорын тiркелген.

Қаңтар-қараша айларында өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi — 3 677,2 млн. теңге, НКИ — 109,9%.

Ет өндiру көлемi 209 тонна (104,5%), ұн — 3 864 тонна (92,9%), нан — 1 420 тонна (99,2%), мал азығы — 6 668 тонна (119,1%), өңделген сүт — 271 тонна (100,4%), макарон — 30 тонна (100,0%), сары май — 102 тонна (100%), iрiмшiк және сүзбе — 155 тонна (105,4%), техниканы жөндеу — 964,7 млн.теңге (130,8%).

Шағын және орта бизнес субъектiлерi

Тiркелген ШОК субъектiлерiнiң саны — 1 281 бiрлiк. Жұмыс iстеп тұрған ШОК субъектiлерiнiң саны — 1091 бiрлiк. Тiркелген ШОК субъектiлерiнiң жалпы көлемiнiң iшiндегi жұмыс iстеп тұрғандардың үлесi — 85,2%.

2018 жылдың есептi кезеңiнде шағын кәсiпкерлiк саласында 9 нысан ашылды. Оның iшiнде:

  • Ағаш өңдеу және ағаш қалқандарын өндiру цехы (Фурманов а/о — «ЗМО-Company» ЖШС);
  • Булаев қаласында «Рока» ЖШС газ құю станциясы;
  • 4 дүкен: «МЕГА Планета» (ЖК «Якимов Х.А.», «Пчелка» азық-түлiк дүкенi (ЖК «Низамов»), «Болашақ» дүкенi (ЖК «Кунаев Х.Ш.»), «Фортуна» азық-түлiк дүкенi (ЖК «Баймұратов» Қарақоға ауылы). Қызмет көрсету саласында 3 объект ашылды: полиграфия (ЖК «Пузикова М.Б.»), «Семь пятниц» кафесi (ЖК «Мансурбаев»), «Стиль» сұлулық салоны (ЖК «Смагулова» Булаево).

2018 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда көлемi 4,8% өстi және 4 125,1 млн. теңге құрады. Көтерме сауда көлемi 2,4% өстi.

2018 жылы Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы және аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша 106 адам қысқа мерзiмдi оқудан өттi (100%). Оқуды аяқтаған 106 қатысушының 93-i немесе 87,7%-ы жұмысқа орналастырылды. «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағыты бойынша 1 желтоқсанға жалпы сомасы 310,980 мың теңгеге 79 шағын несие берiлдi.

Негiзгi капиталға инвестициялар

Негiзгi капиталға инвестиция көлемi — 7469,4 млн. теңге, НКИ 116,1% (6 орын). Жеке инвестициялар — 5 268,5 млн. теңге, НКИ — 110,9%.

Құрылыс

Пайдалануға берiлген тұрғын үйлердiң жалпы ауданы 4 800,0 шаршы метрдi құрады немесе 103,8% (2017 жылы 4625,5 шаршы метр).

2018 жылдың 11 айында құрылыс жұмыстарының НКИ — 4,02 млрд. теңге немесе 88%, жыл қорытындысы бойынша 4,3 млрд. теңгеге жетедi деп күтiлуде.

«Спорт объектiлерiн дамыту» бағдарламасы бойынша Булаев қаласында жалпы құны 109,6 млн. теңге тұратын спорт кешенiнiң құрылысы аяқталды. 2018 жылдың қазан айында Булаев қаласында екi қабатты 18 пәтерлi екi тұрғын үй құрылысы басталды.

Автомобиль жолдары

Автомобиль жолдарының жағдайы аудан тiршiлiгiнiң маңызды мәселесi болып табылады. Жолдардың жалпы ұзындығы 862 км. құрайды (оның iшiнде 78 км. республикалық маңызы бар, 224 км. облыстық маңызы бар және 560 км. аудандық маңызы бар жолдар).

Ағымдағы жылы автомобиль жолдарын қайта салу және жөндеуге 1,7 млрд. теңге бөлiндi.

Облыстық жолдар жөнделдi:

КТ-12 «Булаево-Советское» (25 км. ресайклирлендiру) сомасы 925,8 млн. теңге, КТ-9 «Возвышенка-Золотая Нива-Молодогвардейское» (ресайклирлендiру 12 км.), сомасы 438 млн. теңге, КТ-14 «Қарақоға-Надежка» (3 км. ресайклирлендiру) сомасы 108 млн. теңге;

Аудандық жолдар:

КТGY-148 Молодежное ауылына кiре берiс жол, сомасы 342 млн. теңге, КТGY-164 Молодежное-Сартомар (шұңқырларды жөндеу) — сомасы 11 млн. теңге. Нәтижесiнде жолдарды ң спасы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда 59%-дан 66% өстi.

2019 жылға қаражат бөлiндi:

  • «Лебяжье ауылына кiреберiс жол» сомасы 45,0 млн. теңгеге ағымдық жөндеу жұмыстары;
  • «Пролетар ауылына кiреберiс» жолын ағымдық жөндеуге 18,1 млн. теңге;
  • «Надежка-Қарағанды 75-83 км.» жолын күрделi жөндеуге 320,0 млн. теңге;
  • «Ноғайбай а. кiре берiс 0-8 км.» жолын орташа жөндеуге 340,0 млн. теңге;
  • «Конюхово-Куломзино 58-66 км.» жолын күрделi жөндеуге 300,0 млн. теңге.

Абаттандыру

Абаттандыру мәселесi ерекше назарға алынған. Аудан Мағжан Жұмабаевтың 125-жылдығы, ауданның құрылғанына 90- жылдығын мерекелеуге дайындық барысында үлкен жұмыс атқарды. Аудан орталығын абаттандыру, атап айтқанда жолдарды жөндеу, С. Мұқанов көшесiнде сквер құрылысы, қалаға кiре берiстегi Стелланы қайта салу, қоршаулар орнату және сырлау, көшелердi жарықтандыру, екi көп пәтерлi тұрғын үйдiң қасбеттерi сырлау, көгалдндыру және тағы басқа да жұмыстар жүргiзiлдi.

«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Ұзынкөл, Образец және Чистое ауылдарында балалар ойын алаңдары орнатылды. Жалпы сомасы 17,2 млн. теңгеге 18 округтегi ауылдық елдi мекендердiң көшелерiне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Жылу режимiн жақсарту және «жасыл экономикаға» көшу мақсатында биомассада 9 қазандық орнатылды. Инвестиция сомасы 180 млн. теңгенi құрады.

Сумен жабдықтау

Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 97% құрайды.

Бинаш ауылына дейiн магистральды су құбырын қалпына келтiру жұмыстары аяқталды, 6 км. су құбыры салынды. Сондай-ақ Возвышенка ауылындағы су тарату желiлерi мен су тарту алаңдарының құрылыстарын қайта құру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Жоба 2 жылға есептелген. «Чистовский» ЖШС жеке қаражаты есебiнен Чистовский ауылына су тарату желiлерiн қайта жаңарту бойынша жұмыстар басталды. Конюхово және Лебяжье ауылдарында сумен жабдықтау нысандарын қайта құру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. 2019 жылы тұрғын үйлердi сумен жабдықтау және қосу жұмыстары жүргiзiлетiн болады.

Александровка, Қарағанды, Надежка, Октябрь, Полтавка және Совет ауылдарында су тарату желiлерiнiң құрылысына жобалық сметалық құжаттар әзiрленуде.

Бюджет

2018 жылдың 1 желтоқсанына жергiлiктi бюджет кiрiстерiнiң сомасы 1 178,1 млн. теңгенi (105,3%) құрады, оның iшiнде облыстық бюджет — 408,2 млн. теңге (100,4%), аудандық бюджет — 707,5 млн. теңге (106,3%), ЖӨБ — 62,3 млн. теңге (131,8%). Жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердiң өсу қарқыны 104,3% құрады.

2018 жылдың 11 айында бюджет шығыстары 4,7 млрд. теңге (98,8%) көлемiнде жүргiзiлдi. Қаражат мақсатына сай игерiлдi.

Әлеуметтiк қорғау

Статистикалық деректер бойынша тiркелген жұмыссыздар саны 256 адамды құрайды. Экономкалық белсендi халық есебiнде тiркелген жұмыссыздар үлесi 1,3%. Уәкiлеттi орган арқылы 1059 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш берген адамдардың 119,9%.

Еңбекақы

Аудан бойынша орта айлық еңбекақы 94 524 теңге, 5,5% өстi, оның iшiнде ауыл шаруашылығында 93977 теңге.

Демографиялық көрсеткiштер

2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша халық саны 30089 адам, (жыл басынан 348 адамға азайды). Келгендер — 1066 адам, кеткендер — 1367 адам, көшi-қон сальдосы (-301) адам. 254 адам туды, қайтыс болғандар — 364, табиғи кему—  (-11) адам.

Қазақстанның жұмыс күшi мол аймақтарынан келген азаматтарды және оралмандарды қабылдау және орналастыру

2018 жылғы есептi кезеңде ауданға жұмыс күшi мол аудандардан 45 отбасы (169 адам) қоныс аударушылар, 6 оралмандар (11 адам) отбасы келдi. Келген 180 адамның жұмысқа жрамды жастағылары 90 адам, мектеп жасына дейiнгi 46 адам және мектеп жасындағы 42 адам, 2 студент. 49 адам (56,9%) тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастырылды.

Қоныс аудару үшiн 15,2 млн. теңге субсидия, баспана алу үшiн 30,6 млн. теңге сомасында субсидия төлендi. Оралмандар мен қоныс аудрушыларды қабылдау квотасы 104,1 пайызға орындалды.

Денсаулық сақтау

2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ауданның денсаулық сақтау саласында Орталық аудандық аурухана және 250 адамды қабылдайтын емхана, 4 дәрiгерлiк амбулатория, 2 ФАП және 44 медициналық пункт және 40 орындық туберкулезге қарсы диспансер бар.

Тәуелсiздiк күнiн мерекелеу қарсыңында Ноғайбай ауылында жаңа медициналық пункт ашылды.

Емдiк-алдын алу мекемелерiнде 45 дәрiгер, 222 орта медициналық қызметшiлер жұмыс iстейдi.

2018 жылғы 11 айда қатерлi өспелермен сырқаттану 65 жағдай. Ерте сатыда анықтау 41 жағдай немесе 64,1%, 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда жоғары (1,3%). 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша туберкулезбен сырқаттаудың 22 жағдайы тiркелген (100 мың адамға 72,8), өткен жылғы сәйкес кезеңде 20 жағдай тiркелген (100 мың адамға 65,5).

2018 жылғы 11 айда ауданда 254 сәби туды, өткен жылдың сәйкес кезеңiнен 27 сәбиге аз. Жалпы қайтыс болу көрсеткiшiнiң өсiмi байқалады (алдын-ала берiлген деректер бойынша 1000 адамға 7,92). 2 бала өлiмi тiркелген.

Бiлiм беру

Барлығы ауданда 43 жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi, оларда 3606 оқушы оқиды. 2017-2018 оқу жылымен салыстырғанда мектеп жүйесi 2 бiрлiкке қысқартылды.

6 мектеп жанындағы интернат, 340 баланы қамтитын 5 бала бақшасы, 831 баланы қамтитын 37 мектеп алды шағын орталықтары (оның iшiнде 19 шағын орталық толық күндiк) қызмет етедi. 3 жастан 6-жасқа дейiнгi балалрды мекталды тәрбие мен оқытумн ұйымдастыру 100% құрайды. мұғалiмдер саны 875 адам.

Қосымша бiлiм беру аясында Қосымша бiлiм беру орталығы, Жеке өнер мектебi, Балалар-жасөспiрiмдер спорттық мектебi, «Булаевец» фотокиностудиясы қызмет етедi. Педагогикалық психологиялық түзету кабинетi қызмет етедi. Кәсiби даярлық және сервис колледжi қызмет етедi, онда 4 орта-кәсiби бiлiм мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. Колледжде 243 студент оқиды.

Барлық мектептер интернет желiсiне қосылған. Кең жолақты Интернетке қолжетiмдiлiкке 26 бiлiм мекемесi қосылған.

Мектептердi ағымдық жөндеуге аудандық бюджеттен 15,6 млн. теңге бөлiндi, оның iшiнде №2 Булаев орта мектебiнiң төбесiнiң жабындысын ауыстыруға 10,6 млн. теңге, Сартомар орта мектебiнiң кiре берiсiн ағымдық жөндеуге 2,4 млн. теңге, №4 Булаев орта мектебiн ағымдық жөндеуге 2,6 млн. теңге жұмсалды. Возвышен орта мектебiнiң терезелерiн ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары аяқталуда, сомасы 15 млн. теңге. Оқушыларды уақытында тасымалдау мақсатында екi «Газель» автомобилi сатып алынды, жалпы сомасы 21 млн. теңге.

2019 жылы бiлiм саласында 6 нысанды күрделi жөндеу жоспарланып отыр.

Мәдениет

66 мәдениет нысандары қызметiн жүзеге асырады,оның iшiнде: барлық меншiк нысанындағы 22 клуб, 42 мемлекеттiк кiтапхана, 2 мұражай, «Достық» мәдениет және демалыс саябағы. 67 елдi мекеннiң 36-да мәдениет мекемелерi бар. 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша клуб және кiтапхана мекемелерi 70 мың адамды қамтыған 3600 iс-шара өткiздi.

Спорт

Ауданда 168 спорт ғимараты бар. 2018 жылдың қазан айында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенi iске қосылды. Булаев қаласындағы стадионға күрделi жөндеу жұмыстары басталды.

Спортпен айналысатын халықтың жалпы саны 9375 адамды құрайды. Ауданның құрама командасы «Север-2018» қысқы облыстық жарыстарында үшiншi орынды және «Ақ бидай-2018» жазғы облыстық ойындарда екiншi орынды иелендi.

Қылмыс

2018 жылдың қаңтар-қараша айларында ауданда 312 қылмыс тiркелген, 2017 жылдың сәйкес кезеңiне қарағанда 0,6% төмен. Қылмысты ашу 89,1% құрады. Ауыр қылмыстар 15 жағдай, аса ауыр қылмыс — 2 жағдай, орташа ауырлықтағы қылмыс — 150 жағдай, ауырлығы аз қылмыс — 34 жағдай.

Қоғамдық-саяси жағдай

Ауданда тұрақты қоғамдық-саяси жағдай сақталуда. Азаматтар барлық қоғамдық маңызды iс-шараларға белсендi қатысады. Жыл басынан ауданда ұлттық және мемлекеттiк мерекелерге, Астананың 20-жылдығына, қоғам қайраткерi, ақын Мағжан Жұмабаевтың 125-жылдығына, ауданның 90-жылдығына арналған әртүрлi iс-шаралар өткiзiлдi. 2018 жылы ауданда «Рухани жаңғыру-болашаққа қөзқарас» бағдарламасы аясында жобалар сәттi жүзеге асырылды. Iс-шаралар кешенi «Мағжан жұлдызы», «Вести» газеттерiнiң беттерiнде және әлеуметтiк желiлерде кеңiнен жарық көрдi.

Аудан аумағында 6 үкiметтiк емес қоғамдық бiрлестiк: «Аудандық ардагерлер кеңесi», «Кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғау қауымдастығы», «Iскер әйелдердiң қоғамдық бiрлестiгi», «Жас Тәлiмгер» жастар қоғамдық бiрлестiгi, «Отан қоғамдық бiрлестiгiнiң Булаев оқу-техникалық орталығы» мемлекеттiк емес мекемесi, «Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтiк құрылымын жақсартуға қолдау және жәрдемдесу қоры» корпоративтiк қоры өз қызметiн жүзеге асырады. Этносаралық және конфессияаралық келiсiмдi нығайтудағы нақты және сенiмдi құрал 15 этномәдени бiрлестiк және 12 дiни бiрлестiк болып табылады.

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен үлкен жұмыс жүргiзiлуде,оның саны 2486 адамды құрайды.

Есептi кезеңде атқарылған жұмыстардың қорытындысы осындай. Тұтастай алғанда, бiз айтарлықтай жұмыс жүргiздiк, бiрақ сонымен қатар, бiздiң алдымызда бiрiншi кезекте халықтың әл-ауқатын жақсартуға, өмiр сүру деңгейiн көтеруге бағытталған шешiлмеген бiрқатар мәселелердi шешу мiндетi тұр.

2018 жылғы қаңтар-ақпанда кездесулер барысында халықтан түскен ұсыныстар және ескертулердi iске асыру туралы

2018 жылғы қаңтар-ақпанда барлық деңгейдегi әкiмдердiң есептi кездесулерi барысында 67 кездесу өткiзiлдi, оның iшiнде 44 кездесу Булаев қаласы және ауылдық округ әкiмдерiмен, 22 кездесу аудан әкiмi мен ауылдық округ әкiмдерiмен бiрге өткiзiлдi және 1 аудан әкiмiнiң қорытынды кездесуi. Кездесулер барысында 245 ескерту және ұсыныстар айтылды, оның iшiнде 57 бақылауға алынды (аудан әкiмiнiң кездесуi бойынша 27, Булаев қаласы және ауылдық округ әкiмдерiнiң кездесулерi бойынша 30), қалған 180 бойынша кездесулер барысында түсiнiктемелер берiлдi. Бақылауға алынған 57 тапсырманың бүгiнгi күнi 52 орындалды (91,2%). Жыл аяғына дейiн 1 тапсырма орындалуда (Фурманов ауылдық округi Байтерек а. көшелерiн жарықтандыру).

4 тапсырманы орындау мерзiмi 2019 жылға ұзартылды. Олар қамқоршылық белгiлеу туралы, Булаев қаласында бала бақша ашу туралы, Булаев қаласының стадионын жөндеу туралы, Писаревка ауылында Мәдениет үйiн жөндеу туралы.

Құрметтi жерлестер!

Есептi кезеңде атқарылған жұмыстардың қорытындысы осындай. Тұтастай алғанда, бiз айтарлықтай жұмыс жүргiздiк, бiрақ сонымен қатар, бiздiң алдымызда бiрiншi кезекте халықтың әл-ауқатын жақсартуға, өмiр сүру деңгейiн көтеруге бағытталған шешiлмеген бiрқатар мәселелердi шешу мiндетi тұр.

Мақаланың шыққан күні: 30.12.2018 09:20

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.12.2018 09:42

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi
Қайрат Қайроллаұлы Омаров

Промышленная Революция 4.0

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Подать резюме
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+