Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Аудан әкiмiнiң есебi

Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi А.Ә. Бегмановтың «2017 жылғы ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары және 2018 жылға арналған мiндеттерi туралы» есептi баяндамасы

Құрметтi мағжандықтар!

Жыл сайын аудандық газеттерде Сiздердiң назарларыңызға өткен жылғы атқарылған жұмыстар және жаңа жылға арналған даму болашағы туралы есеп ұсынылады.

Өткен 2017 жылдың Қазақстан үшiн маңызы зор. 2017 жылғы 31 қаңтарда Елбасы Н.Ә. Назарбаев елiмiздiң экономикалық дамуының жаңа модулiн ұсынды. «Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» жолдауында экономика мен қоғамды жетiлдiру бойынша тапсырма қойылды. Үшiншi жаңғыру — «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары базасында жүргiзiлетiн 2050-стратегиясы мақсаттарына қатысты болашаққа сенiмдi көпiр. Президентiмiз Н.Ә. Назарбаевтың бастамашылығымен енгiзiлген «Рухани Жаңғыру» қоғам санасын жаңартатын бағдарламасы республикамыздың қоғамдық-саяси дамуына жаңа шабыт бердi. Елiмiзде экономиканы, саясатты және қоғамдық сананы қамтитын ауқымды жүйелiк жаңарту басталды.

Өткен жыл барлық қазақстандықтар үшiн тәуелсiз Қазақстанның ең ауқымды жобасы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесi өтуiмен ерекше есте қалады. Үш ай iшiнде 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейiн Астана «Болашақ энергиясының» орталығы болды. Көрмеге 3 млн. 860 мың адам қатысты, оның iшiнде 4 мыңнан астамы мағжандықтар.

Есептi 2017 жыл ауданымыздың тарихында лайықты орын алатыны сөзсiз. Өткен жылдың басты бағыттары Жолдаумен қойылған басымды мiндеттермен, мемлекеттiк стратегиялық бағдарламалармен, ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарларымен анықталды.

Ауданда 21 ауылдық округ, 1 аудандық маңызы бар қала, 66 елдi мекен бар. 2017 жылғы 1 желтоқсанға халық саны 30 454 адамды құрады. Өткен кезеңдермен салыстырғанда халық саны жылдан жылға төмендеп келедi, бұл табиғи кемумен және аудан аумағынан тыс қоныс аударуға байланысты. Туғандар саны — 309 адам (2017 жылдың басымен салыстырғанда 56 адамға кемiген), қайтыс болғандар саны — 354 адам (2017 жылдың басымен салыстырғанда 69 адамға кем), табиғи кему — (-45) адам. 2017 жылғы 1 желтоқсанға қоныс аудару сальдосы (-463) адамды құрады, келгендер — 1268 адамды, кеткендер — 1731 адамды құрады. Халық санының кемуiн болдырмау бiз үшiн алдағы жылдарға әлеуметтiк саясаттың басты мiндетi болып қала бередi.

Ауыл шаруашылық

Ауыл шаруашылығы ауданның экономикасында басты рөлге ие. 2018 жылғы 1 қаңтарға ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi 46,4 млрд. теңге, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңiне қарағанда 6,1% артық.

2017 жылы жалпы егiстiк алаңы 416,3 мың га құрады, оның iшiнде дәндi дақылдар — 332,7 мың га, майлы дақылдар — 45,2 мың га, мал азығы дақылдары — 36,3 мың га, картоп — 1,8 мың га, көкөнiстер — 200 га алаңда орналасқан. Дәндi дақылдар өнiмдiлiгi 22,6 ц/га құрады. 2017 жылы егiстi әртараптандыру белгiлендi: егiс айналымына 4,2 мың га алаңда соя, 8,3 мың га жасымық және 0,6 мың га қарақұмық алаңы енгiзiлдi.

Iрi және мәйектi мал азығын даярлау бойынша үлкен жұмыс атқарылды. 69,5 мың тонна шөп, 158,5 мың тонна сабан, 14,7 мың тонна пiшендеме, 4,7 мың тонна сүрлем әзiрлендi.

Өткен жылы ауданның қожалықтарында материалдық-техникалық база жаңар-тылды. 98 бiрлiк ауыл шарушалық техникасы және 1,1 млрд. теңге сомасына жабдықтар сатып алынды.

2018 жылғы 1 қаңтарға iрi қара мал саны 27,8 мың басты құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 7,7% артық, оның iшiнде аудан бойынша сиыр саны 15,3 мың, 2016 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда өсуi 6,6%, қой 28,6 мың бас, бұл 2016 жылға қарағанда 1,4% артық, жылқы 10,2 мың, 2016 жылға қарағанда 4,6% артық, шошқа 13,5 мың бас, 2016 жылға қарағанда 3,2% артық, құс 173,8 мың бас, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 5% артық.

2018 жылдың 1 қаңтарына тiрiдей 9,2 мың тонна ет (артуы 4%), сүт — 46,4 мың тонна (артуы 7,2%), жұмыртқа — 20,1 млн. дана (артуы 9,9%).

Мал шаруашылығын дамытуды iске асыру аясында 2017 жылы ауданмен IҚМ — 2803 бас (артуы 0,1%), қой — 2008 бас (артуы 0,4%), шошқа — 1352 бас (артуы 0,1%) сатып алынды.

«Чистовский» ЖШС 200 бас қазақтың ақбас тұқымын өсiру бойынша ет бағытында асыл тұқымды репродуктор және «АКСА Север» ЖШС 200 бас симменталды тұқым бойынша сүт бағытында асыл тұқымды репродуктор құрылған. «Ырыс» бағдарламасы бойынша 90 басқа 1 жоба «Сүт-тауар фермасы» iске асырылды.

IҚМ етiнiң экспорты: өткен жылы Ресей Федерациясына 129 тоннадан астам iрi қара мал етi, 1,5 тонна қой етi, 23,7 тонна шошқа етi экспортталды.

2017 жыл бойы ауданда ауылда кооперативтi өндiрiстi дамыту бойынша жұмыс жүргiзiлдi. Ауданда барлығы 13 ауыл шаруашылық кооперативi тiркелген. Ауыл шаруашылық кооперативiн қолдау мақсатында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен жалпы 164,7 млн. теңге сомасына жеңiлдетiлген кредиттер берiлдi.

Индустриалды-инновациялық даму

2018 жылғы 1 қаңтарға өнеркәсiп өнiмi өндiрiсiнiң көлемi 3,7 млрд. теңгенi құрады, 2016 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда өсiмi 2,2% құрады. Өнеркәсiп өндiрiсi құрылымында шағын үлесi бар қайта өңдеу өнеркәсiбiнде (97,3%) 3,6 млрд. теңгеге өнiм өндiрiлген, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңiне қарағанда 2% артық.

Ауданда тамақ өндiрiсiмен және ауыл шаруашылық өнiмдерiн қайта өңдеумен 31 кәсiпорын айналысады, оның iшiнде 7 iрi және орта ұн диiрмендерi, 11 наубайхана, кондитер ұйымдарын өндiру бойынша 7 цех, еттi қайта өңдеу бойынша 3 цех, 1 сүт өнiмдерiн шығаратын кәсiпорын, сұйық май өндiрiсi бойынша 1 цех, зығыр майын өндiру бойынша 1 цех. Сонымен қатар, сүрек өңдеу бойынша 13 цех, пластикалық терезелер шығару бойынша 1 цех, жиһаз өндiру бойынша 4 цех, киiм тiгу және аяқ-киiм жөндеу бойынша 6 цех, ағаш көмiрiн өндiру бойынша 4 цех, мал соятын 9 орын мен алаң.

Кәсiпкерлiктi қолдау Картасына 1 млрд. теңгеден астам сомасына өндiрiстiк қуаты 3600 тонна ағаш көмiрi және айына 1560 м³ жиһаз қалқанын жасайтын ағаш өңдеу және ағаш қалқандар өндiру бойынша «Company көп салалы жабдықтар зауыты» жобасы енгiзiлдi.

Кәсiпкерлiк

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бөлшек тауар айналымының көлемi 4,3 млрд. теңгенi құрады немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңiне қарағанда 100,7%. 261 заңды тұлға тiркелдi, оның iшiнде шағын — 253, орта — 7 және iрi — 1.

Ауданда қызмет ететiн кәсiпкерлiктiң шағын және орта нысандары 1006 немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңiне қарағанда 93,3%, оның iшiнде заңды тұлғалар — 114, ЖК — 607, ШФҚ — 285.

2017 жылы «Кошик» ЖК автобөлшектер дүкенi, «Сәрсенбаев» ЖК 2 дүкенi, «Зубенко» ЖК дүкенi, «Комкова» ЖК, екi шаштараз және сауда орталығында 3 бутик — Булаев қ., «Латышева» ЖК дүкенi — Қарақоға ауылы, ағаш өңдеу бойынша цех «Базилик» ЖШС Конюхов ауылдық округi, ағаш көмiрiн өндiру бойынша цех «АзияВудс» ЖШС Октябрь ауылдық округi.

Президент күнiн және Тәуелсiздiк күнiн мерекелеу қарсаңында Булаев қаласында келесi нысандар ашылды: «Семейный» супермаркетi, «Құдайбергенов» ЖК халық шеберлерi жұмыстарын сату бойынша «Шаңырақ» дүкенi, «Лагманхана» асханасы — «Нұршат» ЖК, заманауи билердi үйрету бойынша би клубы — «Бекет К» ЖК, «Оптовый» дүкенi — «Захаревич» ЖК, iрiмшiк-шұжық бұйымдарын өндiру бойынша цех — «Пальчик» ЖК.

«Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының аясында 2017 жылы жалпы сомасы 81 млн. теңгеден астам болатын 5 жоба субсидиялау және кепiлдендiру түрiнде мемлекеттiк қолдау алды: «Тың Жер» ЖШС — айналым қаражатын толықтыру; 2 жоба «Райзер И.Д.» ЖК — айналым қаражатын толықтыру; «Козел» ЖК — негiзгi құралдарды сатып алу; «Былкова» ЖК — айналым қаражатын толықтыру. Сонымен қатар, 6 жобаға өтiнiм берiлдi («Атнесс Зерно» ЖШС, «Әбiшева» ЖК, «Шангин» ЖК, «Қонаев» ЖК, «Козел» ЖК, «Ильинов» ЖК).

Инвестициялар

2017 жылы негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 7,3 млрд. теңгенi құрады, 2016 жылдың сәйкес кезеңiне өсiмi 10,7% (6,5 млрд. теңге).

Қаржыландыру көздерi: бюджеттiк қаражат есебiнен — 1,7 млрд. теңге, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңiне қарағанда 65,6% артық (1 млрд. теңге), жеке инвестициялар есебiнен — 5,6 млрд. теңге, НКӘ — 100,5% (5,5 млрд. теңге).

Қаражат қызметтерi саласы

Ауданда «Халық банкi», «Еуразиялық банкi», «Қазпошта» АҚ филиалдары, «Бәйтерек-СҚО» кредиттiк серiктестiк қызмет етедi. 1 желтоқсанға «Бәйтерек-СҚО» кредиттiк серiктестiгi арқылы 68 жобаға 570 млн. теңге несие бөлiндi.

Бюджет

Ауданның жергiлiктi бюджетiнiң жылдық кiрiс сомасы 1 млрд. 282,0 млн. теңгенi (103,3%) құрайды, оның iшiнде облыс бюджетi — 502,1 млн. теңге (100,3%), аудан бюджетi — 779,8 млн. теңге (105,4%). Жергiлiктi бюджетке түсiмдердiң өсу қарқыны 112,8% құрады.

2017 жылы бюджет шығыны 4,2 млрд. теңге (99,9%) көлемiнде жүргiзiлдi. Қаражат мақсаты бойынша игерiлдi.

2017 жылы республикалық бюджеттен 11 маманға (8 бiлiм беру, 1 ветеринарлық дәрiгерге, 2 денсаулық сақтау мамандарына) 28,3 млн. теңге сомасына (100%) тұрғын үй сатып алу үшiн бюджеттiк несиелер берiлдi. Көтерме жәрдемақы 30 маманға (23 бiлiм беру, 4 — денсаулық сақтау, 3 — ветеринария) берiлдi, игеру сомасы 4,8 млн. теңге (100%).

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемi 2017 жылдың 12 айында 2,9 млрд. теңгенi құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңiне қарағанда 1,3% артық.

Халық қаражаты есебiнен 4621 шаршы метр тұрғын үй енгiзiлдi (12 бiр пәтерлi үй), өткен жылға қарағанда 1,6% артты. Өткен жылдың сәуiр айында Булаев қаласында жас мамандар үшiн жаңа 18 пәтерлi тұрғын үй пайдалануға берiлдi. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «Ноғайбай» ЖШС басшысы А.С. Сапаров 5 жаңа тұрғын үй салды. Жаңа үйдiң кiлттерiн тыл ардагерiнiң отбасы, су тасқынан зардап шеккен отбасы, жас маман және қоныс аударған екi отбасы алды.

Автомобиль жолдары

2017 жылы облыс жолдарын жөндеу үшiн 1,5 млрд. теңге бөлiндi:

591,2 млн. теңге салқын ресайклирлеу тәсiлiмен жолдарды жөндеу КТ-9 «Возвышенка-Молодогвардейское» 16,1 км.; 514,1 млн. теңге салқын ресайклирлеу тәсiлiмен жолдарды жөндеу КТ-14 «Қарақоға-Надежка» 15,9 км.; 161,5 млн. теңге салқын ресайклирлеу тәсiлiмен жолдарды жөндеу КТ-12 «Булаев-Совет» 5 км.; 195,5 млн. теңге БҮН жолды орташа жөндеу КТ-9 «Булаев–Возвышенка».

2017 жылға аудандық жолдарды ағымды жөндеуге және ұстауға 41 млн. теңге, оның iшiнде 18 млн. теңге KTGY-136 «Булаев қ. айналыс жолы» ағымды жөндеуге бөлiндi. Ауыл арасындағы жолдарды жөндеуге аудан бюджетiнен «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша 16,6 млн. теңге бөлiндi, 100% игерiлдi.

Ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi қаражаттарының есебiнен Ноғайбай, Дүйсеке, Александровка, Веселовка ауылдарының жолдары мен кiре берiс жолдарына, «Таман-Пулеметовка» жолына ағымды жөндеу жүргiзiлдi, «Совет — Ясная Поляна» грейдерi қалпына келтiрiлдi.

2018 жылға облыстық жолдарды жөндеуге қаражат бөлiндi:

  • КТ-14 «Қарақога-Надежка» (ресайклирлеу 3 км.) — 108 млн. теңге;
  • КТ-12 «Булаев-Совет» (ресайклирлеу 15 км.) — 555 млн. теңге;
  • КТ-9 «Булаев-Возвышенка» (БҮН 6,3 км.) — 144 млн. теңге;
  • КТ-12 «Булаев-Совет» (БҮН 5 км.) — 115 млн. теңге;
  • КТ-9 «Возвышенка-Золотая Нива-Молодогвардейское» (ресайклирлеу 12 км) — 438 млн. теңге;

Аудандық жолдарға:

  • КТGY-148 Молодежное а. кiре берiс — 232 млн. теңге;
  • КТGY-164 Молодежное — Сарытомар (шұңқырлық жөндеу) — 11 млн. теңге.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру

Ауданның 66 ауылдық елдi мекендерiнiң (бұдан әрi — АЕМ) 63 АЕМ немесе 99% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етiлген, 3 ауыл (Камышлово, Скворцовка, Круглое) жергiлiктi су көздерiнiң суын қолданады. Өткен жылы сумен қамтамасыз ету мәселесiн шешу бойынша ауданның ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiмен үлкен жұмыс атқарылды. Мысалы «Карагугинское» ШФҚ (басшысы Жигалова Т.Г.) Қарақоға а. санациялау тәсiлiмен су құбырын қайта құруға қомақты жеке қаражатын салды. 7 км. су тарату желiсi қалпына келтiрiлдi, 162 тұрғын үй, Қарақоға орта мектебi, балабақша, мешiт және шiркеу қосылды. Осы қожалықпен Рощино а. су құбырының құрылысы бойынша жұмыс жүргiзiлдi. Бинаш а. дейiнгi магистралды су құбырын қалпына келтiру бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Жергiлiктi бюджеттен құбыр сатып алу үшiн 5,5 млн. теңге бөлiндi. Су тарату құбырларын салу бойынша жұмысты «Ноғайбай» ЖШС жүргiзедi. Октябрь а. орталығына ауыл шаруашылық құрылымдары есебiнен су тартылды, материалдар сатып алу бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiлдi. Қазiргi уақытта су тарату пунктiн орнату бойынша жұмыс жүргiзiлуде. 2018 жылғы Возвышенка а. тарату желiсi және су тарату ғимараттарының алаңдарын қайта жөндеу жоспарлануда, 474127,7 мың теңге сомасына ЖСҚ дайындалды. Жоба бойынша жұмыстар жүргiзу екi жылға ескерiлдi.

Жылыту кезеңiне дайындық бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Ауданда барлығы 49 бу қазандығы бар, оның iшiнде 1 — орталық, 27 — жергiлiктi, 21 — дербес. Өткен жылы «Агро Профи» ЖШС жеке қаражаты есебiнен биомассамен жұмыс iстейтiн 3 бу қазандығы салынды, ол Возвышенка орта мектебiн, №4 Булаев орта мектебiн және Булаев қ. жаңа 18 пәтерлi тұрғын үйiн жылытады. Осы бу қазандықтары бойынша салынған инвестициялардың жалпы сомасы 64,5 млн. теңгенi құрады.

Бiлiм нысандарының 20 бу қазандығы, аудандық Мәдениет үйiнiң бу қазандығы және Возвышенка дәрiгерлiк амбулаториясының бу қазандығы «Сапро-Нат» ЖШС сенiмдi басқаруына берiлдi.

«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша Қарақоға және Александровка ауылдарында балалар ойын алаңдары орнатылды. Қазан айында ауданның елдi мекендерiнде 1276 түп күзгi көшеттер отырғызу өткiзiлдi.

2018 жылы ауданның елдi мекендерiн көгалдандыру бойынша iс-шаралар өткiзу жоспарланып отыр: саябақ, гүлзар жасау, ағаш түрлерiнiң көшеттерiн отырғызу.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау

2017 жылы ресми түрде 207 жұмыссыз тiркелген, тiркелген жұмыссыздар үлесi экономикалық белсендi халықтың 1,1% құрайды.

1951 адам жұмысқа орналастырылды (жылдық жоспардан 10,7 % артық), оның iшiнде 822 адам жаңа тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 172 жұмысссыз қатысты (артуы 70,3%), өңiрдi дамыту бағдарламасы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарына 66 адам жолданды (жылдық жоспардан 10% артық).

2017 жылы аз қамтылған азаматтар саны 950 адамды құрады. Жалпы сомасы 3,7 млн. теңге атаулы әлеуметтiк көмектi 32 отбасы (122 адам) алды.

«Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» үш бағытын iске асыру бойынша ауданда жұмыс жүргiзiлуде.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты бойынша қысқа мерзiмдi курстардан өтуге (кадрларды қайта даярлау) 126 қатысушы жiберiлдi, 120 қатысушы оқуды аяқтады. Оқыту үшiн 26,2 млн. теңге бөлiндi, 100% игерiлдi.

Оқуды аяқтаған 120 қатысушылардың iшiнен 67 адам немесе 56% тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 1 декрет демалысында. Қалған 52 қатысушы оқуды 2017 жылғы 25 желтоқсанда аяқтады, 2018 жылдың 1 тоқсанында жұмысқа орналастырылатын болады.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты бойынша 2017 жылы шағын кредиттеуге 228,4 млн. теңге бөлiндi, оның iшiнде: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 86,4 млн. теңге, Кредиттiк серiктестiк арқылы 57,6 млн. теңге, қосымша басқа аудандар есебiнен 56,4 млн. теңге, қайта инвестицияландырылған табыстан 27,9 млн. теңге бөлiндi. Бағдарламаға қатысушылар саны 51 адам. 100% игерiлдi. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiктiң негiзiн оқудан 185 адам өттi немесе жоспардың 100%.

2017 жылы шағын несие алушылармен 56 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты бойынша ауданның 17 ұйымдары мен мекемелерiнен жастар тәжiрибелерiн өтуге 28 қатысушы жiберiлдi, жалақы төлеу үшiн 25 АЕК есебiнен Республикалық бюджеттен 6,8 млн. теңге бөлiндi, яғни айлық жалақы 56525 теңгенi құрайды, 100% игерiлдi.

Әлеуметтiк жұмыс орындарына 23 адам жұмысқа орналастырылды, жалақыны субсидиялау үшiн 4,4 млн. теңге бөлiндi, 4,0 млн. теңге игерiлдi. Тiркелген жұмыссыздар есебiнен 172 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды. Жалақы төлеу үшiн 20,5 млн. теңге бөлiндi, 100% игерiлдi.

Еңбек ресурстарының мобильдiлiгi

2017 жылы 35 қоныс аударушылар отбасы (171 адам) және 9 оралмандар отбасы (30 адам) келдi. Оңтүстiк аймақтардан қоныс аударғандарға және оралмандарға көшу, тұрғын үйдi жалдау және сатып алу бойынша шығындарды өтеу үшiн 43,2 млн. теңге субсидия бөлiндi. 100 % игерiлдi. Жоғарыда көрсетiлген тұлғаларға қоныс аударғаны үшiн 1,3 млн. теңге мөлшерiнде субсидия төлеу 2018 жылдың қаңтарына жоспарланған.

Аудан бойынша орташа айлық жалақы 89576 теңгенi құрады, оның iшiнде ауыл шаруашылығында — 92374 теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңiне 126,5%.

Бiлiм беру

Мектепке дейiнгi ұйымдар жүйесi 45 дананы құрайды, оның iшiнде сәбилер балабақшасы — 5 (1 жеке) және 40 шағын орталықтар. 3-тен 6-ға дейiнгi мектепке дейiнгi балалардың 100% қамтиды.

Ауданда 45 мектеп қызмет етедi: 26 орта, 12 орталау, 7 бастауыш. 6 мектеп жанындағы интернаттар қызмет етедi: №4 Булаев ОМ, Совет ОМ, Чис-тов ОМ, Қарақоға ОМ, Возвышенка ОМ және Сарытомар ОМ жанында. Апта сайынғы тасымалдаумен 153 оқушы, күнделiктi тасымалдаумен — 66 оқушы қамтылған. 2017 жылғы 1 желтоқсанға жалпы бiлiм беру мекемелерiндегi балалар контингентi 3769 оқушыны құрайды. Барлық мектептер компьютерлендiрiлген және Интернет желiсiне қосылған. Жаңа модификациядағы кабинеттердiң жалпы саны 37, оның iшiнде 6 химия кабинетi, 19 физика және 12 биология. 19 мектепте интерактивтi тақталар бар, 45 мектепте мультимедиялық жабдықтар бар. 7 жалпы бiлiм беру мектептерiнде электрондық оқыту жүйесiнiң (e-Learning) жобасы енгiзiлген. Барлық мектептерде оқушылар үшiн 100% ыстық тамақ ұйымдастырылған.

Қосымша бiлiм беру аясында Қосымша бiлiм беру орталығы, жеке көркемөнер мектебi, «Булаевец» фотокиностудиясы жұмыс iстейдi. Кәсiби дайындық және сервис колледжi қызмет етедi, онда 229 студент оқиды.

2017 жылдың жазғы кезеңiнде «Березка» сауықтыру лагерiнде және мектеп жанындағы сауықтандыру алаңдарында оқушылардың 87,3% қамтылды. Сонымен қатар, оқушылар үшiн Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесiне экскурсиялар ұйымдастырылды. Көрмеге 450 бала қатысты.

Аудан мектептерiнде 887 педагог қызмет етедi, жоғары бiлiмi бар мұғалiмдер 715, орташа арнайы бiлiммен — 172. 2017-2018 оқу жылдарына ауданға 30 жас маман келдi. Бүгiнгi күнге аудан мектептерiнде педагог қызметкерлерiнiң 42 бос орны бар. Осы мәселенi шешу және жас мамандарды елдi мекендерге тарту мақсатында 2017 жылғы қарашада Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi және М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры арасында серiктестiк туралы меморандумға қол қойылды.

Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау жүйесi 1-орталық аудандық аурухана, ауысымына 250 адам қабылдайтын емхана, 4 дәрiгерлiк емхана, 2 фельдшерлiк-акушерлiк пункт, 44 медицанылық пункт, 40 жатын орындық туберкулезге қарсы диспансерден тұратын емдiк-алдын алу ұйымдарының жүйесiнен тұрады.

Тәулiктiк стационардағы жатын орындардың жалпы саны — 105.

2017 жылы емханалық ұйымдардың дәрiгерлерiне 144006 адам барған. Емдi-алдын алу ұйымдарында барлығы 44 дәрiгер, 211 орта медициналық қызметшiлер жұмыс iстейдi. 2017 жылы ауданға 4 дәрiгер, 9 орта медициналық қызметшiлер келдi.

Медициналық мекемелердiң материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша жұмыс әрi қарай жалғастырылуда. 2017 жылы орталық аудандық аурухананың екi қабатты бас ғимараты мен корпустары арасындағы жылы өтпенi күрделi жөндеу жұмысы аяқталды. Мемлекеттiк-жеке серiктестiк бағдарламасы аясында ҚР Тәуелсiздiгi күнi қарсаңында Куломзино ауылында жаңа медициналық пункт ашылды. Медпункт ғимараты «Куломзино» ШҚ (басшысы Сафонов Н.П.) қатысуымен жөнделдi.

Мәдениет

2017 жылғы 1 желтоқсанда ауданда 66 мәдени нысандар қызмет етедi, оның iшiнде барлық меншiк түрiндегi 22 клуб (мемлекеттiк — 15, жеке — 7), 42 мемлекеттiк кiтапхана, 2 мұражай, «Достық» мәдениет және демалыс саябағы. Мәдениет мекемелерiмен қамту 53,7% құрайды.

Ауданның мәдениет мекемелерiнiң жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыруға бағытталды. 300 шағын және iрi iс-шаралар iске асырылды. Оның iшiнде: қазақша күрестен алғашқы ашық турнир, Петропавл қаласында Мағжан Жұмабаев ауданының мәдениет күндерi, «Этномәдениқұрылтай» этно-мәдени бiрлестiктерiнiң фестивалi, Жас өлкетанушылардың облыстық слетi және т.б.

Ауданда 62 клубтық құрылымдар бар, оның iшiнде 2 ұжым «Халықтық» атағымен аталады.

Өткен кезеңде кiтап қорына 7 мыңнан астап кiтап түстi. 2017 жылы мерзiмдiк басылымдарға жазылу үшiн 1,3 млн. теңге бөлiндi. Аудан кiтапханаларында қызығушылықтары бойынша 84 әуесқойлар клубы жұмыс iстейдi. Мәдениет мекемелерiмен 3165 iс-шара өткiзiлдi. Тарихи-мәдени мұраны дәрiптеуде мұражайлар үлкен рөл атқаруда. Аудан аумағында 2 мемлекеттiк мұражай бар. Мұражайларда жалпы қоры 3000 дана жәдiгер сақталуда. Жыл басынан берi мұражайлар 137 экскурсиялар жүргiзiп, 4142 адамға қызмет көрсеттi.

Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi күнi қарсаңында Бастомар, Октябрь ауылдарында Бос уақытты ұйымдастыру орталықтары ашылды. 14,8 млн. теңгеге Успенка мәдениет үйiне күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Жалпы сомасы 75,832 млн. теңгенi құрайтын Аудандық мәдениет үйiн күрделi жөндеу үшiн жобалық сметалық құжаттама бар.

Спорт

Ауданда 166 спорттық нысандар қызмет етедi. Оның iшiнде 2 стадион Булаев қ, Возвышенка ауылында. Жазық құрылғылар саны 76 бiрлiк. 32 хоккей корты бар (оның 2-пластикалық Қарақоға және Бастомар ауылдарында). Ауданда 413 оқушысы бар, балалар-жасөспiрiмдер спорттық мектебi жұмыс iстейдi, 506 оқушысы бар, қосымша бiлiм беру орталығы жұмыс жүргiзедi. Дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде айналысатындар саны 9375 адам, немесе барлық тұрғындардың 30,2%. 2017 жылы 109,6 млн. теңгеге дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы басталды. 2018 жылы ауданда «Ақ-бидай»-2018» облыстық жазғы спорттық мерекесiн өткiзуге байланысты, Булаев қаласындағы стадионды күрделi жөндеу жоспарланып отыр. Құрылыс монтаждау жұмыстарының құны 113 млн. теңгенi құрайтын жобалық сметалық құжаттама әзiрлендi.

Саяси-қоғамдық жағдай

Ауданда саяси-қоғамдық жағдай тұрақты. Азаматтар барлық қоғамдық маңызы бар iс-шараларға белсене қатысады.

Аудан аумағында 4 мемлекеттiк емес ұйымдар өз қызметтерiн жүргiзуде: «Ардагерлер кеңесi», «Кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғау ассоциациясы», «Iскер әйелдердiң қоғамдық бiрлестiгi», «Жас Тәлiмгер» жастар қоғамдық бiрлестiгi, 14 этномәдени, 11 дiни бiрлестiктер бар.

«НұрОтан» партиясының филилалы үлкен жұмыс атқаруда, оның құрамы 2657 адамды құрайды. Қоғамда ұсақ құқықбұзушылықтарға, бұзақылыққа, мәдениетсiздiкке «мүлдем төзбеушiлiк» атмосферасын қалыптастыру бойынша берген Елбасының тапсырмасын iске асыру мақсатында құқыққорғау және мемлекеттiк органдар кең ауқымды жұмыс жүргiзуде. 5813 әкiмшiлiк құққыбұзушылық анықтады, мемлекеттiк бюджетке салынған әкiмшiлiк айыпұлдардың (барлығы 18 млн теңге айыппұл салынды, оның 17 млн. өндiрiлiп алынды) 94,1% өндiрiлiп алынды.

Құқықбұзушылықтың алдын алудың тиiмдi әдiсiнiң бiрi бейне бақылау жүйесiн орнату болып табылады.

Бүгiнгi күнi Булаев қаласында 27 бейне бақылау камералары орнатылды, оның 15 бұрылмалы, 10 стационарлық және 2 бейнелердi танып бiлу жүйесi бар, олар Мағжан Жұмабаев аудандың iшкi iстер бөлiмiнiң бейне бақылау орталығына шығарылған.

Қылмыс ашу бойынша жұмыс бейне бақылау жүйесiн пайдалану бойынша екi бағытта жүргiзiледi: өзге ұйымдардың нысандарында орнатылған камералармен қылмыстық оқиғаның бейне жазбасын пайдалану және аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң тiкелей техникалық тобының құқықбұзушылықтарды анықтауы бойынша жүргiзiледi.

2017 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша бейнебақылау жүйесiн пайдалану арқылы 467 әкiмшiлiк құқықбұзушылық тiркелдi.

Есептi кездесулер

Барлық деңгейдегi әкiмдердiң есептi кездесулерi атқарушы органдар үшiн нақты емтихан болып табылады, себебi аудан тұрғындарын толғандыратын, өзектi мәселелер осы жерде көтерiледi. 2017 жылғы қаңтар-ақпанда барлық деңгейдегi әкiмдердiң есептi кездесулерi барысында 68 кездесу өткiзiлдi, оның iшiнде 23 кездесудi аудан әкiмi өткiздi. Кездесулерде ересек адамдардың 30% қатысты. 217 ескертулер мен ұсыныстар айтылды, оның iшiнде 73-i бақылауға алынды (аудан әкiмiнiң есебi бойынша 43, Булаев қаласы және ауылдық округ әкiмдерiнiң есебi бойынша 30), қалған 144 ескертулер мен ұсыныстар бойынша есептi кездесу барысында сәйкес түсiнiктемелер берiлдi.

Бақылауға алынған 73 ескерту мен ұсыныстардың бүгiнгi күнi 70-i орындалды (95,8%).

Орындалмаған 3 ескерту (аудан әкiмiнiң есебi бойынша), оларды орындау мерзiмдерi 2018 жылға ауыстырылды. Олар: «Полудинское» ЖШС қысқы уақытта жұмыс орындарын ұйымдастыру, Успенка ауылында су тарату құбырын тарту мәселесiн шешу, KTGY-148 «Молодежное ауылына кiре берiс», KTGY-164 «Молодежное-Сартомар» автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргiзу.

Құрметтi жерлестер!

2017 жылы көптеген жұмыстар жүргiзiлдi, алға қойылған мақсаттар мен мiндеттер өз шешiмдерiн тапты, кейбiр мәселелер бойынша күрделi жұмыс жүргiзу қажет. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жасалған «Стратегия-2050», «100 нақты қадам» Ұлт жоспары» құжаттарын, Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» Жолдауын iске асыру бойынша үлкен жұмыс жүргiзу қажет. Биылғы жылы бiз Астана қаласының 20-жылдығы, Мағжан Жұмабаевтың 125-жылдығын атап өту, «Ақбидай-2018» облыстық жазғы спорттық мерекесiн өткiзу бойынша салтанатты iс-шаралар өткiземiз. Сол себептi бiз жақсылап, даярланып, iс-шараларды жоғары деңгейде өткiзуiмiз қажет. Ол үшiн бiз елдi-мекендердi көгалдандыру, санитарлық тазалау, көркейту бойынша жұмыстар жүргiземiз.

2018 жылы Солтүстiк Қазақстан облысында өтетiн маңызды оқиғалардың бiрi Қазақстан мен Ресейдiң Президенттерiнiң қатысуымен Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресей Федерациясының аймақаралық ынтымақтастығының ХҮ форумын өткiзу болып табылады. Бiздiң аудан шекаралық аймақ болғандықтан, Форумға даярлық бiздiң басты мақсатымыз болады.

Мақаланың шыққан күні: 18.01.2018 10:35

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.01.2018 10:45

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi
Қайрат Қайроллаұлы Омаров

Промышленная Революция 4.0

Наурыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Подать резюме
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+