Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мәдениет және тілдерді дамыту

Мәдениет

Ауданда 66 мәдениет мекемесi жұмыс iстейдi, оның iшiнде: жеке меншiкте 8 клуб типтес мекеме мемлекеттiк меншiкте — 14, барлық клубтар 22, мемлекеттiк кiтапханалар саны — 42, 2 мұражай бар.

67 елдi мекеннiң 36-сында мәдениет мекемелерi бар (жалпы санынан 53,7%). 2017 жылдың соңында Успенка Мәдениет үйi күрделi жөндеуден кейiн өз жұмысын бастады, Октябрьское, Бастомар, Чистовское бос уақытты өткiзу орталықтары ашылды. 2018 жылы Конюхов, Молодогвардейское ауылдарында бос уақытты өткiзу орталықтарын ашу жоспарлануда. 8 жеке меншiк нысандардан 4 нысан жұмыс iстемейдi (Қарақоға ауылдық Мәдениет үйi, Писарев АМҮ, Совет АМҮ, Таман АМҮ).

Аудандық мәдениет үйiнiң күрделi жөндеуiне 75,832 мың теңге сомасына мемлекеттiк сараптамадан өткен ЖСҚ бар.

Жыл басынан Сарытомар Мәдениет үйiнiң материалдық-техникалық қорын дамыту үшiн сахна киiмдерiн сатып алуға 600 мың теңге бөлiндi,

Үстiмiздегi жылы мәдениет мекемелерiнiң тiзiмiнен 3 нысан — Майбалық мәдениет үйi, Придорожное және Пулеметовка клубтары алынып тасталды. Аудандық Мәдениет үйiне метал құрастырылымды- көшелiк сахна сатып алуға 3,5 млн. теңге, музыкалық аппаратура алуға 1,5 мың теңге, сахналық киiмдерiн 500 мың теңге бөлiндi.

Бөлiм ведомвствосында 42 кiтапхана бар. Ауданның кiтап қоры 457182 мың бiрлiк құрайды. Оның iшiнде 30% мемлекеттiк тiлде.

Жыл басынан кiтапханалар 287 iс-шара өткiздi. Кiтапханашылар актуалды көптеген жаңа жұмыс түрiн пайдаланады, интерактивтi формалар мен әдiстер, жаңа технолгиялар енгiзiлуде. Орталық кiтапхана жанында коворкинг орталығы ашылды. Кiтап көрмелер, акциялар, библиотүндер және тағы басқа iс-шалар өткiзiледi. Әрбiр кiтапханада қарт адамдарды қолдау және қызықтыру бойынша әуесқойлық клубтар жұмыс iстейдi. Үстiмiздегi жылы 22 мамыр күнi Қарақоға ауылдық кiтапханасы «Ең үздiк ауылдық кiтапхана» номинациясында мәденит және өнре қызметкерлерi арасында «Рухани қазына» республикалық фестивалiнде 1 орынды иелендi (ақшалай сыйлық — 1 млн. теңге).

Мәдениет және бос уақытты өткiзу орталық қызметкерлерiмен облыстық iс-шаралар, мемлекеттiк және кәсiби мерекелерге арналған iс-шаралар өткiзiледi. 2 шығармашылық топта «Народный» атағы бар («Булаевец» — Г.В. Чаплыгин, АМҮ хоры — С.Д. Кузьменко).

Аудан аумағында 2 мемлекеттiк музей бар. Музейдiң жалпы қоры 3500 сақтау бiрлiктi құрайды. Жыл басынан музейлер 42 экскурсия, 15 лекция өткiздi және 1000-нан астам адамға қызмет көрсеттi.

Ауданда 66 ескерткiш бар, есепке алынған 14 тарих ескерткiшi, (оның iшiнде 7 жауынгер интернационалистер қабiрi) 1 археология ескерткiш (Курган Полудино), Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға арналған 51 ескерткiш бар. 2015 жылғы 2 сәуiрдегi № 89 әкiмдiктiң қаулысына сәйкес барлық ескерткiштер ауылдық округтер әкiмдiктерiне тiркелген. 3-айлық шеңберiнде ескерткiштердiң аумағына абаттандыру жұмыстары жүргiзiлдi.

Мәдениет мекемелерiнiң басым жұмыстарының бiрi халық шығармашылығын дамыту, клубтық құрылымдарды ұлғайту, кiтапхана әлеуетiн сақтау болып табылады. Материалдық-техникалық негiзiн нығайту, жүйелердi сақтау бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. Тарихи-мәдени мұраны насихаттауды күшейту. Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына, Астананың 20-жылдығына, ауданның 90-жылдығына арналған iс-шаралар өткiзiлуде.

Тiлдердi дамыту

Жергiлiктi атқарушы органдарында мемлекеттiк тiлде құжат айналымының жалпы көлемi 97,5 пайызды құрайды. 2018 жылға мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiне жергiлiктi бюджеттен 964 мың теңге сомасында 5 топқа қаражат бөлiндi. Тiлдердi оқыту орталығымен 2 топ ашылды (1 топ ағылшын тiлiн оқыту бойынша).

Мақаланың шыққан күні: 21.09.2017 16:58

Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.06.2018 14:19

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi
Қайрат Қайроллаұлы Омаров

Промышленная Революция 4.0

Наурыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Подать резюме
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+