Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«ҚазАгро» АҚ қаржы институттарымен қаржыландыру

«Сыбаға» бағдарламасы

Еттi тұқымды жас төлдiң ұдайы өндiрiсi үшiн IҚМ аналық басын және асыл тұқымды өндiрушi бұқаларды сатып алуға АӨК субъектiлерiн кредиттеу бағдарламасы («Сыбаға») кредиттеудiң келесi талаптарын қарастырады:

Кредиттеу талаптарының параметрлері Кредиттеу талаптары
Бағдарлама мақсаты Етті бағыттағы ірі қара малдың тауарлық табынының санын ұлғайтуды қамтамасыз ету
Нысаналы топ заңды және жеке тұлғалар (ШҚ, ФҚ, ЖК), КС
Нысаналы мақсаты Заңды және жеке тұлғалар үшін (ШҚ, ФҚ, ЖК):
  • ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін және/немесе асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу (РБ, ӨҚ, ТҚ);
  • негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналым қаражатын толтыру, жалпы көлемі қарыз сомасынан 15%-дан артық емес мөлшерде (ӨҚ, ТҚ).
КС үшін:
  • ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін және/немесе асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу, негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, жалпы көлемі қарыз сомасынан 15%-дан артық емес мөлшерде айналым қаражатын толтыру (ӨҚ, ТҚ) үшін КС қатысушыларын кредиттеу үшін КС кредиттеу (РБ, ӨҚ, ТҚ).
Қайнар көзі РБ, ӨҚ, ТҚ
Валюта теңге
ІҚМ-ды сатып алуға төлем нысаны және қарыз берудің тәртібі Корпорация/КС қарыз алушыларына қарыз қолма-қол ақшасыз нысанмен беріледі. ІҚМ сатып алуға төлеу нысаны — қолма-қол ақшалай және ақшасыз:
  • ІҚМ үшін қолма-қол ақшалай төлеу нысаны Корпорация/КС қарыз алушыларымен сомасы 15000000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде қолданылады. Егер кредиттің жалпы сомасы 15000000 (он бес миллион) теңгеден асқан жағдайда қарыз 15000000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын транштармен беріледі.
  • ІҚМ үшін төлемнің қолма-қол ақшасыз беру нысаны жеке тұлға — Корпорация/КС қарыз алушысының қарауы бойынша қолданылады.
  • Заңды тұлғалар — Корпорация/КС қарыз алушылары үшін ІҚМ үшін қолма-қол ақшалай төлеу нысаны заңды тұлғалармен есеп айырысқан жағдайда тиісті қаржы жылына белгіленген 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ғана қолданылады.
Транштармен қаржыландырылған жағдайда екінші және кейінгі транштарды беру алдыңғы транш бойынша ақша қаражатының нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды Корпорация/КС қарыз алушысы ұсынғаннан соң жүргізіледі, егер өзгесі Корпорация/КС Кредиттік комитетінің шешімімен белгіленбесе.
Сома КС-ті қоспағанда қарыз алушылар үшін: 8 500000 теңгеден бастап Корпорацияның меншікті капиталының 25%-ына дейін
КС үшін — 1000 000 теңгеден бастап Корпорацияның меншікті капиталының 25%-ына дейін (өз қарыз алушылары үшін қарыздарды КС ұсынған жайдайда — 1 000000 теңгеден бастап 20000000 теңгеге дейін)
Кредиттердің түрлері Қарыз (КС-ті қоспағанда)/ ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге жаңартылмайтын кредит желісі/асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға және айналым қаражатын толтыруға жаңартылатын кредит желісі
Кредит желісінің мерзімі 120 айға дейін
Кредит/транш мерзімі
  • ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін сатып алу — 120 айға дейін;
  • асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу — 24 айға дейін;
  • айналым қаражатын толтыру — 24 айға дейін;
  • негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу — 120 айға дейін.
Кредиттеу ставкасы КС-ті қоспағанда қарыз алушылар үшін — ІҚМ сатып алуға — жылдық 14% (жылдық 7% субсидиялауды есепке ала отыра), техника мен жабдықты сатып алуға — жылдық 14% (жылдық 4% субсидиялауды есепке ала отыра) (СЖТС — жылдық 14%), айналым қаражатын толтыруға — жылдық 14% (СЖТС — жылдық 14%)
КС үшін — жылдық 9,5% (КС қарыз алушылары үшін сыйақы ставкасы КС Уәкілетті органымен белгіленеді, бірақ жылдық 14%-дан артық емес ) (СЖТС — жылдық 9,5%)
Негізгі борышты өтеу мерзімділігі ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, мерзім соңында, ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен
Сыйақыны өтеу мерзімділігі ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет
Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең
  • асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға және айналым қаражатын толтыруға — әр траншты берген кезден 12 айдан артық емес;
  • аналық басты, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін сатып алуға және негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге — әр траншты берген кезден 24 айдан артық емес.
Қамтамасыз ету Кепіл саясатына сәйкес
Корпорацияның/КС-тің қарыз алушысына қойылатын негізгі талаптар
  • төлем қабілеттілігі;
  • салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
  • ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;
  • теріс кредиттік тарихының болмауы;
  • малды ұстау үшін қажетті инфрақұрылымның болуы;
  • азық базасымен қамтамасыз етілгендігі;
  • жайылым алаңдарының, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша және (немесе) қарыз алушыға жергілікті атқарушы органдар ұсынған ортақ пайдаланудағы жерлердің болуы;
  • шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы (ІҚМ болған жағдайда);
  • саны мал басы жалпы санынан (меншікті және сатып алынатын ІҚМ) 25%-дан кем емес меншікті ІҚМ болуы. Егер меншікті ІҚМ болмаған жағдайда, сатып алынатын ІҚМ санынан 25%-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат түріндегі ортақ қаржыландыру қамтамасыз етілсін.
Жобаға қойылатын негізгі талаптар
  • сатып алынатын ІҚМ аналық басының, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлінің жасы: 12-ден 48 айды қоса болуы қажет;
  • міндетті түрде меншікті немесе кредиттік ресурстар есебінен сатып алынатын асыл тұқымды өндіруші бұқалардың келесі ІҚМ санына арасалмағымен болуы тиіс: өсімпаздық жастағы 30 аналық басқа 1 асыл тұқымды өндіруші бұқа (жарамсызын шығару және өлім-жітімді шегере отыра);
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2009 жылғы № 2331 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесіне сәйкес қолда бар және сатып алынатын ІҚМ сәйкестендіру (биркалау, чиптау);
  • малға арналған бөлу орнының болуы (ІҚМ-мен жеке жұмыс жасау үшін мал айдайтын дәліз);
  • сатып алынатын және қолда бар асыл тұқымды өндіруші бұқалардың асыл тұқымды мал карточкасы немесе асыл тұқымды куәлігі және ветеринарлық төлқұжаты болуы тиіс;
  • бордақылау алаңдарына ІҚМ «жас төлін» (бұқаларды) жеткізуге ниеттену шартын ұсыну;
  • сатып алынатын ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін қаржыландырудың мөлшері бір ІҚМ басы үшін 195000 (жүз тоқсан бес мың) теңгеден аспауы тиіс;
  • асыл тұқымды мал карточкасы немесе асыл тұқымды куәлігі бар сатып алынатын асыл тұқымды өндіруші бұқаларды қаржыландырудың шекті мөлшері 1 кг тірі салмақ үшін 1500 (бір мың бес жүз) теңгеден аспауы тиіс.
Ерекше талаптар Аталмыш бағдарламаның мақсатына сәйкес ІҚМ селекциялық жас төліне Ресей Федерациясынан, Украина мен Белоруссиядан әкелінген етті бағыттағы асыл тұқымды мал, Австралиядан әкелінген ІІІ санатты таза тұқымды мал, АҚШ пен Канаданың коммерциялық таза тұқымды малы жатқызылады.

Жылқы шаруашылығын дамытуға арналған кредиттеу бағдарламасы («Құлан»):

Бағдарлама мақсаты Етті және етті-сүтті бағыттағы жылқылар санын ұлғайтуды қамтамасыз ету
Нысаналы топ Заңды және жеке тұлғалар (ШҚ ФҚ, ЖК), КС
Нысаналы мақсаты Заңды және жеке тұлғалар үшін:
  • жылқылардың аналық басын және тұқым айғырларды сатып алу;
  • негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу, айналым қаражатын толтыру 
КС үшін:
  • жылқылардың аналық басын және тұқым айғырларды сатып алуға КС қатысушыларын қаржыландыру үшін КС кредиттеу.
Қайнар көзі РБ, ӨҚ, ТҚ
Валюта теңге
Жылқыларды сатып алуға төлем нысаны мен қарыз берудің тәртібі Корпорация/КС қарыз алушыларына қарыз қолма-қол ақшасыз нысанмен беріледі. Жылқыларды сатып алуға төлеу нысаны – қолма-қол ақшалай және ақшасыз:
  • Жылқылар үшін қолма-қол ақшалай төлеу нысаны Корпорация/КС қарыз алушыларымен сомасы 15000000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде қолданылады. Егер кредиттің жалпы сомасы 15000000 (он бес миллион) теңгеден асқан жағдайда қарыз 15000000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын транштармен беріледі.
  • Жылқылар үшін төлемнің қолма-қол ақшасыз беру нысаны жеке тұлға-Корпорация/КС қарыз алушысының қарауы бойынша қолданылады.
Заңды тұлғалар — Корпорация/КС қарыз алушылары үшін жылқылар үшін қолма-қол ақшалай төлеу нысаны заңды тұлғалармен есеп айырысқан жағдайда тиісті қаржы жылына белгіленген 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ғана қолданылады.
Транштармен қаржыландырылған жағдайда екінші және кейінгі транштарды беру алдыңғы транш бойынша ақша қаражатының нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды Корпорация/КС қарыз алушысы ұсынғаннан соң жүргізіледі, егер өзгесі Корпорация/КС Кредиттік комитетінің шешімімен белгіленбесе.
Сома Қарыз алушылар үшін, КС қоспағанда — 4500000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталының 25% дейін; КС үшін — 2500 000 теңгеден бастап 100000000 теңгеге дейін.
Кредиттердің түрлері Жылқылардың аналық басын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге қарыз (КС қоспағанда)/ жаңартылмайтын кредит желісі, тұқым айғырларды сатып алу мен айналым қаражатын толтыруға жаңартылатын кредит желісі.
Кредит желісінің мерзімі 120 айға дейін
Кредит/транш мерзімі
  • жылқылардың аналық басын және тұқым айғырларды сатып алу — 120 айға дейін;
  • негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу — 120 айға дейін;
  • айналым қаражатын толтыру — 24 айға дейін.
Кредиттеу ставкасы
  • қарыз алушылар үшін (КС қоспағанда) — жылқыларды сатып алуға — жылдық 14% (субсидиялауды есепке ала отыра, жылдық 7%), техника мен жабдықты сатып алуға — жылдық 14% (субсидиялауды есепке ала отыра, жылдық 4%), айналым қаражатын толтыруға — жылдық 14% (СЖТС — жылдық 14% бастап)
  • КС үшін – жылдық 9,5% (КС қарыз алушылары үшін – жылдық 14% артық емес) (СЖТС – жылдық 9,5% бастап)
Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен
Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет
Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең
  • жылқылардың аналық басын және тұқым айғырларды сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге — әр траншты беру күнінен бастап 36 айдан артық емес;
  • айналым қаражатын толтыруға — әр траншты беру күнінен бастап 12 айдан артық емес.
Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең әр траншты беру күнінен бастап 12 айдан артық емес
Қамтамасыз ету Кепіл саясатына сәйкес
Корпорацияның/КС-тің қарыз алушысына қойылатын негізгі талаптар
  • төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық;
  • салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
  • ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;
  • теріс кредиттік тарихының болмауы;
  • жайылым алаңдарының болуы, о.і. бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша және (немесе) қарыз алушыға жергілікті атқарушы органдар берген ортақ пайдалану жерлерінің болуы;
  • шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы (жылқылар болған жағдайда);
  • саны жалпы бас санының (меншікті және сатып алынатын жылқылардың) 30%-нан кем емес меншікті жылқылар басының болуы. Меншікте жылқылар болмаған жағдайда, қарыз алушы сатып алынатын жылқылар санының құнынан 30%-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат түрінде ортақ қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет.
Жобаға қойылатын негізгі талаптар
  • сатып алынатын жылқының (биенің) жасы 12-ден бастап 36 айды қоса;
  • сатып алынатын жылқылардың аналық басын қаржыландыру көлемі жылқының бір басы үшін 350000 (үш жүз елу мың) теңгеден аспауы тиіс;
  • жасы 24 айдан артық, жылқылар саны өсімпаздық жастағы 15 аналық биеге жарамсызын шығару және өлім-жітімді шегере отыра 1 өндіруші арасалмағымен меншікті және/немесе кредиттік ресурстар есебінен сатып алынатын өндіруші тұқым айғырлардың болуы;
  • Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережелеріне сәйкес қолда бар және сатып алынатын жылқылар басын бірдейлендіру.

Ұсақ қара малды сатып алу үшiн кредиттеу бағдарламасы «Алтын Асық»:

Бағдарлама мақсаты Етті және етті-майлы бағыттағы ҰҚМ тауарлық табынының санын ұлғайтуды қамтамасыз ету
Нысаналы топ Заңды және жеке тұлғалар (ШҚ ФҚ, ЖК), КС
Нысаналы мақсаты Заңды және жеке тұлғалар үшін:
  1. ҰҚМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алу;
  2. негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу, айналым қаражатын толтыру. КС үшін: ҰҚМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алу үшін КС қатысушыларын қаржыландыруға КС кредиттеу.
Қайнар көзі РБ, ӨҚ, ТҚ
Валюта теңге
ҰҚМ сатып алуға төлем нысаны мен қарыз берудің тәртібі Корпорация/КС қарыз алушыларына қарыз қолма-қол ақшасыз нысанмен беріледі. ҰҚМ сатып алуға төлеу нысаны — қолма-қол ақшалай және ақшасыз:
  • ҰҚМ үшін қолма-қол ақшалай төлеу нысаны Корпорация/КС қарыз алушыларымен сомасы 15000000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде қолданылады. Егер кредиттің жалпы сомасы 15000000 (он бес миллион) теңгеден асқан жағдайда қарыз 15000000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын транштармен беріледі.
  • ҰҚМ үшін төлемнің қолма-қол ақшасыз беру нысаны жеке тұлға — Корпорация/КС қарыз алушысының қарауы бойынша қолданылады.
  • Заңды тұлғалар — Корпорация/КС қарыз алушылары үшін ҰҚМ үшін қолма-қол ақшалай төлеу нысаны заңды тұлғалармен есеп айырысқан жағдайда тиісті қаржы жылына белгіленген 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ғана қолданылады.
Транштармен қаржыландырылған жағдайда екінші және кейінгі транштарды беру алдыңғы транш бойынша ақша қаражатының нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды Корпорация/КС қарыз алушысы ұсынғаннан соң жүргізіледі, егер өзгесі Корпорация/КС Кредиттік комитетінің шешімімен белгіленбесе.
Сома КС қоспағанда, қарыз алушылар үшін — 5000000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталынан 25%-ға дейін; КС үшін — 500 000 теңгеден бастап 30000000 теңгеге дейін.
Кредиттердің түрлері ҰҚМ аналық басын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге қарыз (КС қоспағанда)/ жаңартылмайтын кредит желісі, асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алу мен айналым қаражатын толтыруға жаңартылатын кредит желісі.
Кредит желісінің мерзімі 84 айға дейін
Кредит/транш мерзімі
  • ҰҚМ аналық басын сатып алу — 84 айға дейін; 
  • асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алу — 24 айға дейін;
  • негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу — 84 айға дейін;
  • айналым қаражатын толтыру — 24 айға дейін.
Кредиттеу ставкасы
  • қарыз алушылар үшін (КС қоспағанда) — ҰҚМ сатып алуға — жылдық 14% (жылдық 7% субсидиялауды есепке ала отыра), техника мен жабдықты сатып алуға — жылдық 14% (жылдық 4% субсидиалауды есепке ала отыра), айналым қаражатын толтыруға — жылдық 14% (СЖТС — жылдық 14% бастап)
  • КС үшін: жылдық 9,5% (КС қарыз алушылары үшін — жылдық 14% артық емес) (СЖТС — жылдық 9,5% бастап)
Негізгі борышты өтеу мерзімділігі ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен
Сыйақыны өтеу мерзімділігі ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет
Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең
  • ҰҚМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге — әрбір траншты берген күннен бастап 24 айдан артық емес;
  • айналым қаражатын толтыруға — әрбір траншты берген күннен бастап 12 айдан артық емес.
Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең әрбір траншты берген күннен бастап 12 айдан артық емес
Қамтамасыз ету Кепіл саясатына сәйкес
Корпорацияның/КС-тің қарыз алушысына қойылатын негізгі талаптар
  • төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық;
  • салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
  • ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;
  • теріс кредиттік тарихының болмауы;
  • жайылым алаңдарының болуы, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша және (немесе) қарыз алушыға жергілікті атқарушы органдар берген ортақ пайдалану жерлерінің болуы;
  • шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы (ҰҚМ болған жағдайда);
  • саны жалпы бас санының (меншікті және сатып алынатын ҰҚМ) 30%-нан кем емес меншікті ҰҚМ болуы. Меншікті ҰҚМ болмаған жағдайда, Қарыз алушы сатып алынатын ҰҚМ санының құнынан 30 %-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат түрінде ортақ қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет.
Жобаға қойылатын негізгі талаптар
    1. сатып алынатын ұрғашы қойдың (ұрғашы тоқтының) жасы 6 айдан бастап 36 айды қоса;

    1. сатып алынатын ҰҚМ аналық басын қаржыландыру көлемі ҰҚМ бір басы үшін 25000 (жиырма бес мың) теңгеден аспауы тиіс;

  1. меншікті және/немесе кредиттік ресурстар есебінен сатып алынатын асыл тұқымды өндіруші қошқарлардың болуы, жасы 24 айдан артық, ұрықтандыру өткізу тәсіліне байланысты ҰҚМ санына арасалмағымен:
    • ерікті шағылысқанда – 30 бас ұрғашы қойға 1 асыл тұқымды өндіруші қошқар;
    • қолдан шағылыстырған кезде - 50 бас ұрғашы қойға 1 асыл тұқымды өндіруші қошқар;
    • жасанды шағылыстырған кезде - 500 бас ұрғашы қойға 10 асыл тұқымды өндіруші қошқар;
  2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережелеріне сәйкес қолда бар және сатып алынатын ҰҚМ сәйкестендіру.

Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымының құрылысын кредиттеу бағдарламасы:

Бағдарлама мақсаты Жайылымдық мал шаруашылығы инфрақұрылымын құру
Нысаналы топ Заңды және жеке тұлғалар (ШҚ, ФҚ, ЖК), КС
Нысаналы мақсаты Негізгі құралдар (құдықтар мен өзге қажетті құрылыстарды салу мен жөндеу, трансформаторларды, күн батареяларын, арнайы техниканы сатып алу) және айналым қаражаты
Қайнар көзі ӨҚ, ТҚ
Валюта теңге
Сома 500000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталының 25% дейін
Кредиттердің түрлері кредит/жаңартылмайтын / жаңартылатын кредит желісі
Кредит желісінің мерзімі 84 айға дейін
Кредит/транш мерзімі
  • негізгі құралдарды сатып алу — 84 айға дейін;
  • айналым қаражатын толтыру — 24 айға дейін.
Кредитеу ставкасы
  • қарыз алушылар үшін (КС қоспағанда) — жылдық 14% (субсидиялауды есепке ала отыра жылдық 7%) (СЖТС — жылдық 14% бастап)
  • КС үшін – жылдық 9,5% (КС қарыз алушылары үшін — жылдық 14% артық емес) (СЖТС — жылдық 9,5% бастап)
Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең 12 айға дейін
Қамтамасыз ету Кепіл саясатына сәйкес
Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар
  • төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық;
  • салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
  • ЕДБ мен өзге қаржы институттары алдындағы мерзімі өткен берешегінің болмауы;
  • теріс кредиттік тарихының болмауы;
  • меншік және (немесе) ұзақ мерзімді жалға алу құқығымен жайылым алаңдарының болуы;
  • мал басының болуы;
  • шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы.
Жобаға қойылатын негізгі талаптар
  • құдықтарды бұрғылаумен/жөндеумен байланысты жұмыстарды жасаған жағдайда, ҚР заңнамасында көзделген талаптарды қарыз алушының қатаң сақтауын қамтамасыз ету;
  • құдықтарды қалпына келтіру/салу бойынша алынған субсидияларды НБ төлеуге бағытталуы тиіс.

Агроөнеркәсiптiк кешенi субъектiлерiн көктемгi егiн егу және күзгi жиын-терiм жұмыстарын жүргiзудi несиелеу бойынша «Егiнжай» бағдарламасы

Бағдарлама мақсаты — көктемгi егiн егу және күзгi жиын-терiм жұмыстарын жүргiзудi несиелеу арқылы АӨК субъектiлерiн қолдау.

Мақсатты топ — заңды және жеке тұлғалар — АӨК субъектiлерi.

Мақсатты бағыттау — көктемгi егiн егу және күзгi жиын-терiм жұмыстарды жүргiзуге АӨК субъектiлерiн несиелеу.

Бiр қарыз алушыға берiлетiн қарыздың/несиелiк жүйенiң максималды сомасы — 6 000 000 (алты миллион) теңге.

Бiр қарыз алушыға берiлетiн қарыздың/ несиелiк жүйенiң максималды сомасы — 1 000 000 (бiр миллион) теңге.

Қаржы инструментi — қарыз, жаңартылатын/ жаңартылмайтын несие желiсi.

Сыйақы үстемесi — жылдық 9,5%.

Тиiмдi сыйақы үстемесi — жылдық 10,2% аспайды.

Несие желiсiнiң мерзiмi — 36 айдан аспайды.

Қарыз/транштың мерзiмi

  1. 18 айдан аспайды;
  2. жем-шөп дақылдарын (көпжылдық шөптер) өсiруде — 36 айдан аспайды.

Негiзгi борышты қайтару бойынша мерзiм — ай сайын/ тоқсан сайын/ жарты жылда 1 рет/ жылда 1 рет, несиелеу мерзiмi бойынша жартылай/ толық мерзiмнен бұрын қайтару мүмкiндiгiмен.

Сыйақыны қайтару бойынша мерзiм — ай сайын/ тоқсан сайын/ жарты жылда 1 рет/ жылда 1 рет, несиелеу мерзiмi бойынша жартылай/ толық мерзiмнен бұрын қайтару мүмкiндiгiмен.

Негiзгi борышты қайтару бойынша жеңiлдетiлген мерзiм:

  1. 12 айдан аспайды;
  2. жем-шөп дақылдарын (көпжылдық шөптер) өсiргенде — 18 айдан аспайды.

Сыйақыны қайтару бойынша жеңiлдетiлген мерзiм:

  1. 12 айдан аспайды;
  2. жем-шөп дақылдарын (көпжылдық шөптер) өсiргенде — 18 айдан аспайды.

Қаржыландыру көлемi — қарыз алушы көрсеткен егiстiк алаңдардың Ауыл шаруашылығы министрлiгi тиiстi қаржыландыру жылына ұсынған 1 га көктемгi-дала жұмыстарын жүргiзуге шығындар нормативiнiң есебi бойынша, оның iшiнде бiрiккен қызмет туралы келiсiм-шарттар бойынша.

Қамтамасыз ету — Қоғамның кепiлдiк саясатына сәйкесi.

Қарыз алушыға қойылатын негiзгi талаптар:

  1. өтiнiш берген күнiне салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы;
  2. соңғы есептi күнге (өтiнiш беретiн айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы;
  3. несиелеуге болатын несие тарихы (несие тарихы бар болса);
  4. 3 жылдан ұзақ емес мерзiмдегi дақылдарды көрсетiп, нақты егiн егiлген жерлердiң әрi қызметтi атқарудың нақты уақытындағы өнiмдiлiк туралы мәлiметтiң болуы;
  5. егiн егетiн жерлердiң бар екенiң растайтын құжаттың болуы, оның iшiнде бiрлесе жұмыс iстеу туралы келiсiм-шарт та;
  6. Қоғамға қарызды мақсатты түрде пайдалануды тексеру үшiн қажеттi және жеткiлiктi құжаттарды тапсыру.

Мақаланың шыққан күні: 20.09.2017 15:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.09.2017 15:59

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi
Қайрат Қайроллаұлы Омаров

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Подать резюме
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+