Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Аудан тарихы

Мағжан Жұмабаев ауданының тарихы

Булаев ауданы

ЖОАК 1928 жылғы 3 қыркүйектегi қаулысымен Булаев ауданы 18 ауылдық Кеңес құрамымен құрылған: Александровский, Булаевский, Возвышенский, Воскресенский, Ганькинский, Екатериновский, Ивановский, Конюховский, Лебяжинский, Медвежинский, Надеждинский, Первотаровский, Полтавский, Писаревский, Раевский, Рявкинский, Успенский, Чистянский.

ҚазАКСР ОАК және ХКК 1930 жылғы 17 желтоқсандағы қаулысымен Бейнетқор ауданынан № 8 ауылдық кеңес қабылданған; Ворошиловскийден — Камышловский, Полудинский, Токушинский ауылдық кеңестерi; Трудовой ауданынан — Бугровский, Николаевский, Ново-Георгиевский, Скворцовский, Еңбекшiлдер ауылдық кеңестерi, Бейнетқорға Веселовский және Ивановский ауылдық кеңестер тапсырылған.

Булаев аудандық атқарушы комитетi Президиум отырысының 1931 жылғы 3 шiлдедегi (27 т.) хаттамасымен № 8 ауылдық кеңес Первомайский ауылдық Кеңесi болып қайта аталған, 1931 жылғы 1 тамыздан бастап (№ 29 хаттамасымен 20 т.) Александровский ауылдық Кеңесi таратылған.

Қаз ОАК Президиум отырысының 1931 жылғы 11 қыркүйектегi хаттамасымен Булаев ауданының құрамына Бейнетқор ауданынан Веселовский ауылдық Кеңесi қабылданды.

ЖОАК 1932 жылғы 2 наурыздағы қаулысымен Булаев ауданының құрамына Батыс-Сiбiр өлкесiнiң Есiлкөл ауданынан келесi ауылдық кеңесiне кiрдi: Березняковский, Зарослинский, Камышловский, Куломзинский, Октябрьский, Суворовский, сондай-ақ Есiлкөлдiң құрамына Первомайский ауылдық кеңес тапсырылған.

Қаз ОАК Президиум отырысының 1932 жылғы 1 сәуiрдегi хаттамасымен Булаев ауданының жаңа жазықтық аудандандыруы келесi ауылдық кеңестер құрамында: Березняковский, Булаевский, Веселовский, Возвышенский, Ганькинский, Екатериновский, Камышловский, Конюховский, Куломзинский, Лебяжинский, Надеждинский, Николаевский, Ново-Георгиевский, Октябрьский, Первомайский, Полтавский, Полудинский,

Раевский, Рявкинский, Скворцовский, Суворовский, Токушинский, Успенский, Чистянский, Еңбекшiлдер.

Қарағанды облыстық атқарушы комитетiнiң 1934 жылғы 26 қазандағы шешiмiмен келесi жаңа кенттiк Кеңестер құрылды: Возвышенский, Токушинский, Чаглинский, Чистовский.

Қаз ОАК Президиум отырысының 1935 жылғы 9 қаңтардағы №1 хаттамасы негiзiнде Булаев ауданының жаңа жазықтық аудандандыруы 25 ауылдық Кеңестер құрамында бекiтiлген: Березняковский, Булаевский, Веселовский, Возвышенский, Ворошиловский, Воскресеновский, Екатериновский, Зарослинский, Камышловский, Колосовский, Конюховский, Куломзинский, Лебяжинский, Медвежинский, Надеждинский, Ново-Успенский, Октябрьский, Первомайский, Писаревский, Полтавский, Пролетарский, Чистовский, Чистянский.

1936 жылы 29 шiлдеде Булаев ауданы Солтүстiк Қазақстан облысының құрамына ендi.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1940 жылғы 8 сәуiрдегi Жарлығымен Булаев ауылдық кеңесi Булаев аудандық атқарушы комитетiне бағынышты болып Булаев жұмыс-кентi Кеңеске қайта құрылды.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1944 жылғы 8 мамырдағы Жарлығымен Конюховский ауданы құрылды, оның құрамына Булаев ауданының 13 село-ауыл кеңесi берiлдi: Березняковский, Воскресеновский, Зарослинский, Камышловский, Колосовский, Конюховский, Куломзинский, Лебяжинский, Медвежинский, Ново-Успенский, Октябрьский, Первомайский, Суворовский, Чистянский.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1950 жылғы 29 сәуiрдегi Жарлығымен «Советский» астық кеңшарында ауылдық кеңес құқығында Селектi кент Кеңесi құрылды (Селектi, Сары-Айғыр, Сейфуллинское, Липовка). 1954 жылы 4 маусымда аталған Жарлықпен үш кент Кеңесi құрылды, олар:

  • Жарықкөл, орталығы — Маленков атындағы кент;
  • Ждановский — «Ждановский» кент;
  • Майбалық — «Булаевский» астық кеңшары.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1952 жылғы 3 сәуiрдегi Жарлығымен Конюховский ауданының орталығы Конюхово селосынан Қарақоға станциясына ауыстырылды.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1952 жылғы 10 мамырдағы Жарлығымен Конюховский ауданының Новоуспенский ауылдық кеңестен Свет және Красное елдi мекендерi Конюховский ауданының Чистянский ауылдық кеңестiң құрамына берiлдi.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1954 жылғы 14 шiлдедегi Жарлығымен орталығы «Ұзынкөл» кентiмен Ұзынкөл кент кеңесi құрылды. Аталған Жарлықпен Медвежинский ауылдық Кеңесi таратылған, оның аумағы Полтавский ауылдық Кеңестiң құрамына берiлген. Сонымен бiрге, Надеждинский селолық кеңестiң Қандыкөл және Еремеевка елдi мекендерi Ворошиловский ауылдық кеңестiң құрамына берiлген; Ворошиловский ауылдық кеңестiң Арал-Ағаш және Үш-Қызыл елдi мекендерi Екатериновский селолық кеңестiң құрамына берiлген; Успенский селолық кеңестiң Өрнектi елдi мекенi — Первомайский ауылдық кеңестiң құрамына, «Қарағанды» кеңшарының аумағы Надеждинский селолық кеңестiң құрамына берiлген.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1955 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен «Молодежный» астық кеңшарының аумағы Советский ауданынан Булаев ауданына берiлген.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1956 жылғы 27 желтоқсандағы Жарлығымен «Молодежный» атауымен «Молодежный» кентiнде кенттiк кеңесi құрылған. Оның құрамына Полтавский селолық кеңестiң Симерда елдi мекенi кiрдi.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1957 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен Ворошиловский ауылдық Кеңестен Беняш, Қантай және Қарашоқ елдi мекендерi Чистовский кенттiк Кеңестiң құрамына берiлген.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1957 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен селолық кеңес құқығында Булаев ауданында Қарағанды кенттiк Кеңес құрылған.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1957 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен кенттiк кеңес ретiнде қайта құрылған Надеждинский селолық кеңестiң құрамына аумағы берiлiп Ворошиловский ауылдық кеңес, Қарағанды кенттiк кеңестiң құрамына аумағы берiлiп Екатериновский селолық кеңес; Успенский селолық кеңестiң құрамына Көкше-Мәпкен, Қарашоқ және Өрнектi елдi мекендерi аумағымен берiлiп Первомайский ауылдық кеңес таратылған. Аталған Жарлықпен Конюховский ауданының Қарақоға кенттiк кеңесiнiң Образец, Красное және Амбарное елдi мекендерi, Чистовский кенттiк кеңестiң Беняш және Қарашоқ елдi мекендерi Надеждинский кенттiк Кеңестiң құрамына берiлген, Полтавский селолық кеңестiң Медвежка елдi мекенi Чистовский кенттiк Кеңеске берiлген, ал Совет ауданының Сарытомар селолық кеңестiң Сарытомар, Теңелдiк және Қызыл-Ту елдi мекендерi Молодежный кенттiк кеңестiң құрамына берiлген.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1958 жылғы 28 шiлдедегi Жарлығымен Конюховский ауданының Зарослинский селолық кеңесiнiң Суворовка, Правдиво, Рязанка және Райтоп Конюховский ауданының Октябрьский селолық кеңесiнiң құрамына берiлген.

Солтүстiк Қазақстан облыстық атқарушы комитетiнiң 1962 жылғы 11 сәуiрдегi шешiмiмен Успенский, Писаревский және Полтавский селолық кеңестерi бiр Успенскийге қосылған, орталығы Успенка с. Аталған шешiммен Горелое темiржол разъезi және Полтавский селолық кеңестiң № 204, 213, 216 казармалары Булаев кенттiк кеңеске берiлген.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Булаевский селолық аудан құрылған. Орталығы — Булаево қалалық кент. Селолық кеңестерi: Веселовский, Возвышенский, Жарықкөл, Ждановский, Қарағанды, Майбалық, Молодежный, Надеждинский, Селектi, Ұзынкөл, Успенский, Чистовский, Булаев кенттiк кеңес, және де Конюховский ауданының жойылған Қарақоға, Колосовский, Конюховский, Лебяжинский, Октябрьский, Чистянский кенттiк кеңестерi.

Солтүстiк Қазақстан облыстық атқарушы комитетiнiң 1963 жылғы 3 мамырдағы шешiмiмен Советский ауданының Гавринский селолық кеңесi Булаев ауданының құрамына берiлген.

Солтүстiк Қазақстан облыстық атқарушы комитетiнiң 1963 жылғы 31 мамырдағы шешiмiмен Қарақоға селолық кеңестiң құрамына аумағымен таратылған Чистянский селолық кеңесi берiлген.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1963 жылғы 24 шiлдедегi Жарлығымен Жарықкөл селолық кеңес Молодогвардейскийге, Селектi Советский селолық кеңес болып қайта аталған.

Солтүстiк Қазақстан облыстық атқарушы комитетiнiң 1964 жылғы 3 қарашадағы шешiмiмен Көкше-Шапқан, Күзен ауылдары Молодежный селолық кеңестен Успенскийге берiлген; Қызыл Ту ауылы Чистовскийге; Успенскийдiң Полтавка с.Чистовский селолық кеңеске; Чистовский кеңшарының 3 бөлiмшесi Абдрахманово, Молдагулово, Тленшi ауылы Надеждинскийден Қарағанды селолық кеңеске.

1964 жылы 31 желтоқсанда Булаев селолық ауданы әдеттегi аудан ретiнде жаңадан құрылған.

Солтүстiк Қазақстан облыстық атқарушы комитетiнiң 1966 жылғы 28 желтоқсандағы шешiмiмен Булаев ауданының Веселовский селолық кеңес Таманский селолық кеңес болып қайта аталған.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1967 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Возвышенка селосындағы орталығымен жаңа Возвышенский ауданы құрылған, оның iшiне: Булаев ауданының Возвышенский, Ждановский, Қарағанды, Майбалық, Молодогвардейский, Советский, Таманский, Ұзынкөл селолық кеңестерi кiрдi.

Солтүстiк Қазақстан облыстық атқарушы комитетiнiң 1967 жылғы 6 қаңтардағы шешiмiмен Советский ауданының Полудинский селолық кеңесi Булаев ауданының құрамына берiлген.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1969 жылғы 13 мамырдағы Жарлығымен қалалық үлгiдегi Булаево кентi ауданға қарасты қала — Булаево болып өзгертiлген. Булаев кенттiк кеңесi Булаев қалалық кеңес болып өзгертiлген.

Солтүстiк Қазақстан облыстық атқарушы комитетiнiң 1969 жылғы 19 мамырдағы шешiмiмен Бугровский селолық кеңестiң құрамынан шығарылған Соколовский ауданынан Мальцевка, Рявкино, Самарка елдi мекендерi Булаев ауданына берiлген.

Аталған шешiммен Полудинский селолық кеңестiң құрамынан Фурмановка, Новый быт, Яковлевка елдi мекендерiн шығарып, сондай-ақ Мальцевка, Рявкино, Самарка елдi мекендерiмен орталығы Фурмановка селосы болып, жаңа селолық кеңес құрылған.

Солтүстiк Қазақстан облыстық атқарушы комитетiнiң 1971 жылғы 3 ақпандағы шешiмiмен Колосовский селолық кеңес аумағымен әкiмшiлiк қызмет етуiмен Фурмановский селолық кеңеске берiлген, Надеждинский селолық кеңестен Чистовский селолық кеңестiң құрамына Образец және Свет елдi мекендерi берiлген.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1971 жылғы 9 наурыздағы Жарлығымен облыстық атқарушы комитетiнiң 1971 жылғы 3 ақпандағы шешiмiмен құрылған селолық кеңеске орталығы Полтавка селосында — Авангардский атауы берiлiп, құрамында Полтавка, Медвежка, Хлеборобное (бұрынғы Чистовский кеңшарының 4 бөлiмшесi) селоларымен берiлген.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1971 жылғы 16 тамыздағы Жарлығымен Булаев ауданының келесi елдi мекендерiне:

  • Фурмановский селолық кеңестiң «Конюховский» кеңшарының № 1 бөлiмшесiнiң кентiне — Әмiре селосы;
  • Молодежный селолық кеңестiң «Молодежный» кеңшарының орталық мекенiнiң кентiне — Молодежное селосы;
  • Молодежный селолық кеңестiң «Молодежный» кеңшарының № 3 бөлiмшесiнiң кентiне — Рощино селосы;
  • Успенский селолық кеңестiң Булаев орман шаруашылығының орталық мекенiнiң кентiне — Уваковское селосы;
  • Чистовский селолық кеңестiң «Чистовский» кеңшарының орталық мекенiнiң кентiне — Чистовское селосы;
  • Чистовский селолық кеңестiң «Чистовский» кеңшарының № 1 бөлiмшесiнiң фермасына қарасты кентiне –Украинка селосы;
  • Чистовский селолық кеңестiң «Чистовский» кеңшарының № 2 бөлiмшесiнiң кентiне –Урожайное селосы;
  • Чистовский селолық кеңестiң «Чистовский» кеңшарының № 4 бөлiмшесiнiң кентiне — Хлеборобное селосы;
  • Чистовский селолық кеңестiң «Чистовский» кеңшарының № 1 бөлiмшесiнiң кентiне — Тищенка селосы;
  • Успенский селолық кеңестiң Көкше-Шақзы елдi мекенiне — Комсомол селосы атаулары берiлген.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1972 жылғы 7 шiлдедегi Жарлығымен облыстық атқарушы комитетiнiң 1972 жылғы 26 маусымдағы шешiмiмен құрылған, орталығы — Медвежка селосында, Авангард селолық кеңестiң құрамындағы Медвежка с. Медвежинский — атауы берiлген.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1974 жылғы 4 сәуiрдегi Жарлығымен облыстық атқарушы комитетiнiң 1974 жылғы 28 ақпандағы шешiмiмен құрылған, орталығы-Новотроицкое селосында, Ганькино ст., 2696 және 2700 тоқт.пункттерi құрамында, Новотроицкое-атауы берiлген.

Солтүстiк Қазақстан облыстық атқарушы комитетiнiң 1977 жылғы 31 наурыздағы шешiмiмен Молодежный селолық кеңестiң Рощино селосы Успенский селолық кеңестiң құрамына; Октябрьский селолық кеңестiң Зарослое, Белое селолары Гавринский селолық кеңестiң құрамына; Булаев ауданы Успенский селолық кеңестiң Писаревка, Комсомол, Ленино с., Писаревка темiржол станциясының пунктi Возвышенский ауданы Таманский селолық кеңестiң құрамына берiлген.

Солтүстiк Қазақстан облыстық атқарушы комитетiнiң 1977 жылғы 1 қыркүйектегi шешiмiмен Веселовка с. Возвышенский ауданы Писаревский селолық кеңестiң құрамына берiлген.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1978 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен Возвышенский ауданында, орталығы — Бастомар селосында, «Бастомарский» атауы берiлген.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1979 жылғы 24 қыркүйектегi Жарлығымен селолық кеңеске, орталығы — Пролетарка селосында, «Пролетарский» атауы берiлген. Құрамына: Пролетарка, Тельманово — Қарақоға селолық кеңесi; Барашки — Конюховский селолық кеңесi; Моховое — Лебяжинский селолық кеңесiнен кiредi.

Солтүстiк Қазақстан облыстық атқарушы комитетiнiң 1984 жылғы 22 наурыздағы шешiмiмен Полудинский селолық кеңестiң нақты жоқ ретiнде Раевка селосы есептiк мәлiметтен шығарылған.

Солтүстiк Қазақстан облыстық атқарушы комитетiнiң 1985 жылғы 5 қарашадағы шешiмiмен нақты жоқ ретiнде келесi елдi мекендер есептiк мәлiметтен шығарылған:

  • Фурмановский селолық кеңестiң Мальцевка селосы;
  • Молодежный селолық кеңестiң Молдагұл селосы;
  • Октябрьский селолық кеңестiң Рязанка селосы;
  • Медвежинский селолық кеңестiң 2696 тоқт.пунктi;
  • Конюховский селолық кеңестiң Васильевка селосы;
  • Конюховский селолық кеңестiң Әмiре селосы, Березняки селосы;
  • Қарақоға селолық кеңестiң Ортақшы селосы;
  • Успенский селолық кеңестiң Қоскөл селосы;
  • Булаев қалалық кеңестiң 2700 км темiржол пунктi;
  • Чистовский селолық кеңестiң Свет селосы;
  • Гавринский селолық кеңестiң Советское селосы, Белое селосы.

Солтүстiк Қазақстан облыстық атқарушы комитетiнiң 1986 жылғы 12 наурыздағы шешiмiмен Чистовский селолық кеңестiң Образец селосы Қарақоға селолық кеңестiң құрамына берiлген.

Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының 1989 жылғы 30 маусымдағы Жарлығымен Возвышенский ауданының Жданово селосы Золотая Нива селосына, ал Ждановский селолық кеңесi Золотонивский селолық кеңесi болып қайта аталған.

Солтүстiк Қазақстан облыстық атқарушы комитетiнiң 1988 жылғы 28 қаңтардағы шешiмiмен Фурмановский селолық кеңестiң Явленка селосы нақты жоқ ретiнде есептiк мәлiметтен шығарылған.

Солтүстiк Қазақстан облыстық атқарушы комитетiнiң 1988 жылғы 16 шiлдедегi шешiмiмен Надеждинский селолық кеңестiң Красное селосы Булаев ауданының Қарақоға селолық кеңесiнiң құрамына берiлген.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмшiлiгi басшысының 1994 жылғы 12 қаңтардағы қаулысымен Булаев ауданында келесi селолық округтер құрылған: Авангардский, Гавринский, Қарақоға, Конюховский, Лебяжинский, Медвежинский, Молодежный, Надеждинский, Новотроицкий, Октябрьский, Полудинский, Пролетарский, Успенский, Фурмановский, Чистовский.

Облыстық мәслихаттың 12 сессиясы мен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң 1997 жылғы 12 ақпандағы бiрлескен шешiмiмен әкiмшiлiк бағыныстылығын Авангардский селолық округiне берiп, орталығы — Полтавка селосы, Медвежинский селолық округi таратылған; орталығы — Фурмановка селосы болып, Фурмановский селолық округiне ауыстырылып, Новотроицкий селолық округi таратылған.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң облысы әкiмшiлiгi басшысының 1997 жылғы 28 мамырдағы қаулысымен Булаев ауданының құрамына таратылған Возвышенский ауданының аумағы енгiзiлген.

Облыстық мәслихаттың 19 сессиясы мен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы бiрлескен шешiмiмен есептiлiк мәлiметтен келесi елдi мекендер шығарылған: Булаев ауданының Успенка, Жданово, Молодая гвардия, Писаревка ст., 2726 км.тоқт.пунктi, Успенскийдiң Ахметжан және Комсомол селолары, Золотонивский, Молодогвардейский, Писаревский және Лебяжинский селолық округтерi.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 10 тамыздағы шешiмiмен Булаев ауданы Қарақоға селолық округiнiң Красное селосы Ноғайбай селосы болып қайта аталған.

Мағжан Жұмабаев ауданы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 23 қарашадағы Жарлығымен Солтүстiк Қазақстан облысының Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев ауданы болып қайта аталған.

Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаттың және облыс әкiмiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi бiрлескен шешiмiмен есептiлiк мәлiметтен келесi елдi мекендер шығарылған: Золотонивский және Қарақоға селолық округтерiнiң Восточное және Ново-Успенский селолары, Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево қ. 2703 км тоқт. пунктi.

Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаттың және облыс әкiмiнiң 2003 жылғы 27 наурыздағы бiрлескен шешiмiмен Писаревский селолық округтiң Ленино селосы Байшiлiк ауылы болып қайта аталған.

Мағжан Жұмабаев ауданында көлiктiк коммуникация тораптары көп.

Мұнда транссiбiр темiржол магистралi (Москва-Владивосток), Москва-Петропавловск-Омск-Новосибирск мемлекетаралық автотрассасы өтедi. Барлық аумақ электр байланысымен, почтамен, радиомен және теледидармен қамтамасыз етiлген.

Аудан аумағында республикалық маңызы бар ескерткiштер бар — Мағжан Жұмабаевтың бюстi, Лебяжье қорғанының қалдықтары. Сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар ескерткiштер мемлекеттiң қорғауына алынған. Олардың iшiнде Булаево қ., Конюхово с., Лебяжье с., Успенка с. шаруалар көтерiлiсiнiң туысқандық молалары, Ганькин редуты, Медвежье редутының орны.

Мақаланың шыққан күні: 18.09.2017 16:35

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.03.2019 09:08

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi
Қайрат Қайроллаұлы Омаров

Промышленная Революция 4.0

Наурыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Подать резюме
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+