Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Бұл нұсқау мемлекеттiк қызметтi алудың, соның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарымен жұмыс iстеу үшiн Tumar CSP криптопровайдерiн мiндеттi орнатуды талап етпейтiн, өзгертiлген тәртiптi сипаттайды.

Нұсқау «Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкiнiң бар болуы (жоқ болуы) туралы анықтама беру» қызметiн алу үлгiсiнде әзiрлендi.

Қажеттi шарттар

«Электрондық үкiмет» порталынан ҚР мемлекеттiк органдарының интерактивтi қызметтерiн алу үшiн пайдаланушыға мыналар қажет:

1. «Электрондық үкiмет» порталына тiркелу.

2. Электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы тиiс.

  • ЭЦҚ алу кезiнде, егер Сiз www.egov.kz «электрондық үкiмет» порталында онлайн режимде немесе www.pki.gov.kz Ұлттық куәландырушы орталықта ЭЦҚ алуға өтiнiш беретiн болсаңыз, онда кiлттердi қалыптастыру үшiн ЭЦҚ-ны онлайн-алу шарттарына сәйкес Tumar CSP және JAVA орнату қажет. Алайда порталда бұдан былай жұмыс жасау үшiн Tumar CSP талап етiлмейдi.
  • Кiлттердi ХҚКО-да немесе «электрондық үкiмет» шоу-румында онлайн-режимде алу кезiнде оффлайн режимде сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етудi (Tumar CSP) орнату талап етiлмейдi.

3. JAVA орнату (http://www.egov.kz/java.zip), Жеке/заңды тұлғаларға арналған ЭЦҚ алу жөнiндегi нұсқауда көрсетiлген.

Қызмет алу үшiн жасалатын әрекеттердiң жүйелiлiгi

1. Тiркелу. Порталдың (www.egov.kz) басқы бетiн ашыңыз, «Тiркелу» тетiгiне өтiңiз. Порталда жаңа пайдаланушыны тiркеу кезiнде жеке тұлға мәлiметтердi енгiзедi — жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН), электрондық пошта мекен-жайы және 8 белгiден тұратын кiлтсөз; заңды тұлға бизнес идентификациялық нөмiрдi (БИН), электрондық пошта мекен-жайын және электрондық цифрлық қолтаңба профайлына апаратын жолды көрсетедi.

Егер Сiз тiркелген болсаңыз, авторлануға өтiңiз.

2. Авторлану. Авторлану үшiн «Кiру» тетiгiне немесе кiлттiң суретi бейнеленген белгiге басыңыз. Сiз екi тәсiлмен авторлана аласыз:

Сертификат бойынша авторлану. Сертификат бойынша авторлану үшiн Сiз ЭЦҚ сертификатын (keys_rsa) Интернет-браузерде импорттауыңыз қажет (Портал «Көмекшiсi» бөлiмiнде орналасқан «ЭЦҚ сертификаты арқылы портал пайдаланушысының авторлануы жөнiндегi нұсқауда көрсетiлгендей):

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

ЖСН (БИН) және кiлтсөз бойынша авторлану. ЖСН (БИН) және кiлтсөз бойынша авторлану үшiн сәйкес жолдарға ЖСН (БИН) және кiлтсөздi (тiркелу кезiнде өзiңiз көрсеткен) жазыңыз.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

3. Қызметтi таңдау. Порталдың басқы бетiнде «Жылжымайтын мүлiкке ие болу. Ипотека. Коммуналдық тарифтер» санатынан «Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкiнiң бар болуы (жоқ болуы) туралы анықтама беру» қызметiн таңдаңыз.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Сiз қызмет алу шарттарымен, мерзiмдерiмен және форматымен таныс бола алатын, қызметтер паспорты бетiндесiз.

4. Сұранымды толтыру. Келесi бетке өту үшiн оң жақ жоғарғы бұрыштан «Қызметке онлайн тапсырыс беру» тетiгiн басыңыз.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Ашылған беттегi сәйкес жолдарға анықтама алу тiлiн, құжат түрiн, сонымен қатар жылжымайтын мүлiктiң бар болу/жоқ болу фактiсiн анықтауға қажеттi облыс, аумақты тiзiмнен таңдаңыз. Мәлiметтердi енгiзген соң және келесi қадамға өту үшiн «Сұранымды жiберу» тетiгiне басыңыз.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

5. Сұранымға қол қою.

Мемлекеттiк органның интерактивтi қызметiн алғаш алған кезде ескерту терезесi ашылады, ондағы «Always trust content from this publisher» жанына белгi қою қажет.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Сұранымға қол қою үшiн «Сертификатты таңдау» тетiгiне басыңыз.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Өз сертификатыңыздың жолын көрсетiңiз:

  • егер Сiз ЭЦҚ-ны жинақтаушы-дискте алған болсаңыз, дискке және орналасқан папкаға жол сiлтеңiз (ереже бойынша, атауында Сiздiң тегiңiз бен атыңыз көрсетiлген) және keys_ gost файлын таңдаңыз.
  • егер Сiз ЭЦҚ-ны жинақтаушы-дисктен компьютерге немесе флэшкаға ауыстырған болсаңыз, сәйкес жолды сiлтеңiз және keys_ gost файлын таңдаңыз.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

  • егер ЭЦҚ KAZTOKEN-де орналасқан болса, «Файлды таңдау» тетiгiнiң жанынан автоматты түрде «KazToken» тетiгi пайда болады, соған өтiңiз.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

ЭЦҚ файлын таңдаған соң өз кiлтiңiзге кiлтсөз енгiзiңiз.

Егер Сiз Tumar CSP криптопровайдерiн пайдаланатын болсаңыз, «Сертификат таңдау» тетiгiнiң жанынан «Жасырын сертификат» тетiгi пайда болады, соған өтiңiз.

Егер Сiздiң компьютерiңiздегi Tumar CSP криптопровайдерiнде бiрнеше электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттары болса, «Сертификат таңдау» тетiгiн басқан кезде ЭЦҚ-ның барлық сертификаттары сақталған папка ашылады. Ағымдық сұранымға қол қою үшiн талап етiлетiн қол қою файлын таңдаңыз.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Сертификат дұрыс таңдалған болса (қол қою тәсiлiне қарамастан) келесi бетте Сiз туралы мәлiметтер — А.Т.ӘА., ЖСН және электрондық пошта мекен-жайы, сонымен қатар ЭЦҚ әрекет ету мерзiмi көрiнедi.

Егер көрсетiлген мәлiметтер меморганға сұраным жасау үшiн дұрыс болса, «Қол қою» тетiгiн басыңыз.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Қазiргi кезде Token-дегi қорғалған сыртқы, ақпарат тасымалдағышта орналасқан ЭЦҚ арқылы қызмет алуға жасалған сұранымға қол қою мүмкiндiгi қолжетiмсiз.

Token қолдауы бойынша және электрондық жеке куәлiкпен жұмыс iстеу, 2011 жылдың соңына дейiн аяқтау жоспарланып отырған, ҚР Ұлттық куәландырушы орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етуiн жаңалау жұмыстары шеңберiнде атқарылады.

6. Нәтижеге қол жеткiзу. «3 қадам: Сұранымды өңдеу» бетiнде Сiздiң сұранымыңыздың қаралу мәртебесiмен таныса аласыз: меморганның ақпараттық жүйесiмен қабылданған Сiздiң өтiнiшiңiз нөмiрiн, оның көрсетiлу мерзiмi мен өңделу мәртебесiмен таныса аласыз. Мәртебенi қарау үшiн және беттi жаңарту үшiн «Мәртебенi жаңарту» тетiгiн пайдаланыңыз.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Егер сұраным өңделген болса, «Нәтиженi қарау» тетiгi пайда болады. Оны басқан кезде жылжымайтын мүлiктiң бар болуы немесе жоқ болуы туралы өңделген анықтаманы сақтау терезесi пайда болады. Сiз оны аша аласыз немесе өз компьютерiңiзде сақтай аласыз.

Алынған электрондық құжатты қарау үшiн Сiз Adobe Reader (www.adobe.com) орнатуыңыз қажет.

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

«Электрондық үкімет» порталынан мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі нұсқау

Сонымен қатар, анықтама порталдағы Сiздiң профайлыңызда («Менiң порталым») «Қызметтi алу тарихы» бөлiмiнде автоматты түрде сақталады.

Мақаланың шыққан күні: 22.09.2017 14:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.09.2017 14:56

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi
Қайрат Қайроллаұлы Омаров

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Подать резюме
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+