Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Аудан аумағын абаттандыру

Абаттандыру

Бүгiнгi күнi абаттандыру мен санитарлық тазалау бойынша үшайлық аясында аудан елдi мекендерiнде 2250 түп ағаш пен 1340 түп бұта отырғызылған, 2000 шаршы метр аумақтағы гүлбақтар абаттандырылған, 4500 түп ағаш ақталған, оқу мекемелерiнiң 74 мың шаршы метр аумағы тазартылған, 51 ескерткiш абаттандырылған, 9300 мың шаршы метр аумақтағы аулалар тазартылған, 71 зираттың аумағы жайластырылған, 40 заңсыз апаттық қоқыс орындары жойылған, 21 мың текше метр қоқыс шығарылған, 22 бiрлiк — елдi мекен атаулары абаттандырылған, Булаев қаласында, Молодежное селосы мен Сарытомар ауылында 10 км. жаңа қоршаулар орнатылған, Булаев қаласында, Чистое, Образец, Ұзынкөл ауылдарында балалар ойнау алаңдары орнатылған.

Аудан шекарасында М-51 «Челябинск-Новосибирск» автомобиль жолында, Булаев қаласына кiре-берiсте аудан мен қала атаулары жаңартылған және Сарытомар ауылында кiре-берiс қақпасы орнатылған. Целинная көшесi бойынша көппәтерлi екi үйдiң қасбеттерi сырланды. «Насыр» мейрамханасының жанында субұрқақ құрылысы бойынша жұмыстар басталды. №4 Булаев орта мектебiнiң қоршаулары ауыстырылды. Қарақоға мен Лебяжье ауылдарында сквер жайластыру жұмыстары басталды. Булаев қаласында және Успенка, Надежка, Писаревка, Совет, Октябрь ауылдық округтерiнде баннерлердi жаңарту бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Лебяжка ауылдық округiнде округтiң атауы бар белгi ауыстырылды.

Қазiр апаттық үйлердi бұзу жұмыстары жүрiп жатыр, бүгiнгi күнi жоспарланған 23 үйдiң iшiнен 21 ғимарат бұзылған.

Жергiлiктi полиция қызметiнiң учаскелiк инспекторлары елдi мекендердi абаттандыру ережелерi бойынша бұзушылықтарды анықтау мақсатында аулаларды аралап, тиiстi жұмыстар жүргiзуде. Атқарылған жұмыстардың нәтижесiнде жергiлiктi полиция қызметiнiң мәлiметiнше учаскелiк полиция инспекторлары 545 әкiмшiлiк хаттама толтырған.

Мағжан Жұмабаев ауданының елдi мекендерiн көрiктендiру және санитарлық тазалығы жөнiнде iс-шаралар жоспары (ZIP 4 Kb)

Мағжан Жұмабаев ауданының елдi мекендерiн абаттандыру бойынша өткiзiлген жұмыстар туралы

Аудан әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 7 сәуiрдегi №91 қаулысымен үстiмiздегi жылдың 10 сәуiрiнен 10 шiлдесi аралығында ауданның елдi мекендерiн абаттандыру мен санитарлық тазалау бойынша үшайлық жарияланды. Үшайлық бойынша жұмыстар келесi iс-шараларға сәйкес өткiзiлдi:

  1. Абаттандыру мен санитарлық тазалау бойынша аудандық комиссия құрылды.
  2. Мағжан Жұмабаев ауданының елдi мекендерiн абаттандыру мен санитарлық тазалау бойынша iс-шаралар жоспары айқындалды.

Ауданның Булаев қаласы мен ауылдық округтегi елдi мекендерiн санитарлық тазалау шаруашылық субъектiлерiнiң, ауыл шаруашылығы құрылымдарының, жеке кәсiпкерлердiң, жергiлiктi тұрғындардың күшiмен жүргiзiлдi. Апта сайын сенбiлiктер мен «таза бейсенбiлiктер» өткiзiлгенiмен ауылдық округтерде аталған акция жүйелi түрде жүргiзiлген жоқ.

Ауданның Булаев қаласы мен ауылдық округтегi елдi мекендерiнiң көшелерi кәсiпорындарға, мекемелерге, жеке кәсiпкерлерге бекiтiлдi. Булаев қаласындағы көппәтерлi үйлер ұйымдарға бекiтiлгенiмен олардың жанындағы аумақтарды абаттандыру бойынша жұмыстар лайықты деңгейде жүргiзiлген жоқ (қоқыстар үйлердiң қасында үйiлiп жатыр).

Аудан елдi мекендерiнде 5580 түп ағаш пен 3360 түп бұта отырғызылған, 3400 шаршы метр аумақтағы гүлбақтар абаттандырылған, 4500 түп ағаш ақталған, 9000 шаршы метр аумақтағы гүлзарлардың шөптерi шабылған, оқу мекемелерiнiң 52 мың шаршы метр аумағы тазартылған, 51 ескерткiш абаттандырылған, 930 мың шаршы метр аумақтағы аулалар тазартылған, 48 мың шаршы метр алаңдағы саябақтар мен парктер ретке келтiрiлген, 24 мың шаршы метр аумақтағы демалу орындары, 330 шақырым көшелер қоқыстан тазартылған, 71 зираттың аумағы жайластырылған, 54 қоқыс тастайтын орындар абаттандырылған, 60 мың шаршы метр заңсыз апаттық қоқыс орындары жойылған, 23 мың текше метр қоқыс шығарылған.

2013 жылдан бастап «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында ауданда 26 балалар ойнайтын алаңдар орнатылған, үстiмiздегi жылы Қарақоға және Александровка ауылдарында тағы да 2 ойнау алаңы орнатылды.

2017 жылдың 15 сәуiрiнде Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 72-жылдығына орай қайырымдылық сенбiлiгi өткiзiлдi. Қайырымдылық сенбiлiгi аясында келесi жұмыстар көлемi атқарылды: 30150 шаршы метр аумақ тазартылды, 3752 тонна қоқыс шығарылды, 51 ескерткiш пен оның аумағы абаттандырылды. Сенбiлiкке 385 ұжымнан 14 100 адам қатысты. Барлық жиналған қаражат мереке өткiзу, ескерткiштердi, туыс бауырластар қабiрi мен жауынгерлер жерленген орындарды абаттандыру үшiн ардагерлер кеңесiне бағытталды.

Үстiмiздегi жылдың 16 қыркүйегiнде өткiзiлген қайырымдылық сенбiлiгiне 385 ұжымнан 14 100 адам қатысты. Келесi жұмыстар атқарылды: 31250 шаршы метр аумақ тазартылды, 3752 тонна қоқыс шығарылды, 162 шақырым жол жөнделдi, 53 ескерткiштер мен олардың 5130 шаршы метр аумағы абаттандырылды.

40 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын орындардағы қоқыстар үйiлiп, 14 орын жойылды.

Абаттандыру

2016 жылдың 16 сәуiрiнде Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 71-жылдығына арналған қайырымдылық сенбiлiгi өткiзiлдi.

2016 жылдың 19 сәуiрiнде «Бүкiлқазақстандық ағаш отырғызу күнi» акциясы ұйымдастырылып, оның барысында 2,1 мың қайың, шие және алма, сондай-ақ таңқурай, қарақат пен басқа да бұталардың көшеттерi отырғызылды.

Ауданның елдi мекендерiн абаттандыру мен санитарлық тазалау бойынша үшайлық аясында келесi жұмыстар атқарылды: 4500 — түп ағаш, 2500 — түп бұта отырғызылды, 3400 м2 — гүлзар жайластырылды, 3300 — ағаш ақталды, 9000 м2 — көгал шабылды, 45 мың м2 — бiлiм беру мекемелерiнiң аумағы тазаланды, 53 — ескерткiш абаттандырылды, 930 мың м2 — аула мен аула маңындағы аумақтар, 24 мың м2 — демалу орындары, 320 шақырым — көшелер, 48 мың м2 — парк пен саябақтар, 71 — зираттың аумағы тазаланды, 60 — қоқыс тастайтын орын абаттандырылды, 60 мың м2 — апаттық қоқыс орындары жойылды, 23 мың м3 — қоқыс шығарылды.

2016 жылдың 17 қыркүйегiнде 385 ұжымның 14045 адамы қатысқан қайырымдылық сенбiлiгi өттi. Нәтижесiнде 31270 м2 — аумақ тазаланып, 3734 тонна қоқыс шығарылды, 185 шақырым жол жөнделiп, 53 ескерткiш пен оның маңындағы 5130 м2 аумақ абаттандырылды.

Жазғы уақытта «Низкоцен» ЖШС дүкен аумағындағы балалар ойнау алаңын жайластырды, сондай-ақ кәсiпкерлердiң қаражаты есебiнен Булаев қаласының Пионерская мен Юбилейная көшелерiндегi көппәтерлi үйлердiң маңындағы аумақта екi балалар ойнау алаңдары орнатылды.

Ноғайбай ауылында ауылшаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң қаражаты есебiнен балалар ойнау алаңы мен шағын фубол алаңы жайластырылды. Сондай-ақ Булаев қаласындағы «Достық» паркiнде және Бастомар ауылында спорттық жаттығуға арналған алаңдар орнатылды. Сонымен қатар, шаруашылық субъектiлерiнiң есебiнен Ноғайбай, Александровка, Полудино ауылдарының поселкаiшiлiк жолдарына жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 21.09.2017 11:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.08.2018 12:00

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi
Қайрат Қайроллаұлы Омаров

Промышленная Революция 4.0

Наурыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Подать резюме
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+