Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тимирязев ауданының босалқы жерлерден шаруа, фермер қожалығын жүргiзу немесе ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын беру туралы конкурс өткiзу хабарламасы

Конкурсты ұйымдастырушы: «СҚО Тимирязев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ Тимирязев ауданының босалқы жерлерден шаруа, фермер қожалығын жүргiзу немесе ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарлайды.

Конкурсты өткiзу күнi, уақыты және орны: конкурс 2019 жылғы 9 қыркүйекте 15 сағат 00 минутта Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Уалиханов көшесi, 1 мекен жайы бойынша Тимирязев ауданы әкiмдiгiнiң ғимаратында 1-қабат әкiмдiк мәжiлiс залында өтедi.

Жергiлiктi атқарушы орган хабарлама (хабарландыру) бiрiншi жарияланған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде қабылданады. Өтiнiмдердi қабылдау 2019 жылдың 19 тамызынан бастап 2019 жылдың 6 қыркүйегiн қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi «СҚО Тимирязев ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ қабылдайды. Конкурстың аяқталған күнi қорытынды шығарылған күн болып есептеледi. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi өткiзiледi. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалары үшiн — заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер, өтiнiш берушi — заңды тұлғаның жарғылық капиталдағы үлесiнiң (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен) мөлшерiн көрсете отырып, басшылары мен қатысушылары немесе акционерлерi туралы мәлiметтер, Өтiнiш берушiнiң тазартылған тұлғалары туралы мәлiметтер;
  2. Жеке тұлғалар үшiн — өтiнiш берушiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе), тұрғылықты жерi, азаматтығы, ЖСН, өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтер;
  3. өтiнiш берушi талап еткен жердiң орналасқан жерi;
  4. конкурстық ұсыныс;
  5. өтiнiш берушi шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөнiндегi конкурстың жеңiмпазы деп танылған жағдайда, аталған шартқа қол қою қажеттiгi туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде шаруа, фермер қожалығы немесе ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу жөнiндегi мiндеттемелер.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ҚР заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхат негiзiнде жеке тұлғаның немесе ҚР мемлекеттiк емес заңды тұлғаның уәкiлеттi өкiлдерi ұсына алады.

Конкурстық ұсыныс (4-т.) мыналарды қамтуы тиiс:

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру алаңы, ауыл шаруашылығы мал басы, қолданылатын Агротехнология, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шараларды орындау жөнiндегi мiндеттемелер;
  3. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалану ережелерiн қоса алғанда, ҚР Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiк алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияны сақтау, фитосанитариялық және карантиндiк талаптар бойынша мiндеттемелер.

Қосымша (DOC 32 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 30.07.2019
Қаралым саны: 52

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi
Қайрат Қайроллаұлы Омаров

Промышленная Революция 4.0

Қыркүйек 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Подать резюме
Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+